(
408
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамдардың қа-
телігін түзегенде, оны тікелей бетіне айтып салмайтын. Жалпы
көпшілікті қамтитын сөздерді қолданып, «Сөз иесін табады» демекші
кінәлінің қажетті хатын алуын күтетін. Хазірет Айша (р.а.): «Бір күні
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір үкімді жүзеге асырды әрі бұл мәселе жөнінде
адамдарға рұқсат берді. Бірнеше кісі мұны іске асырудан тартынды. Бұл
хабар Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) жеткенде, дереу мінберге шықты. Әуелі
Аллаһқа мадақ айтып: «Бәз біреулерге не болған? Менің істегенімді
істеуден тартынып жүрген секілді. Уаллаһи, мен Аллаһты олардан
жақсы білемін. Әрі Аллаһтан олардан артық қорқамын», - деп хұтпа айт-
ты
(Бұхари, Әдеп 72)
.
***
Мұқатил (р.а.) нақыл еткен төмендегі мына уақиға бізге тамаша
мәжіліс әдебін тәлім етеді.
Бір жұма күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Суффада болатын. Ол жер тарлау
жер еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхажир мен Ансардың ішінен Бәдір
жорығына қатысқандарды ерекше жақсы көретін. Олардың арасындағы
бәз біреулер сол күні мәжіліске кешігіп келді. Біреулер орын берер деген
үмітпен жерге отыра алмай, Пайғамбарымызды (с.а.у.) тұрып тыңдады.
Бірақ орын бере қояр ешкім табылмады. Мұны көрген Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) мұңайып:
«Бауыры үшін орын ашқанға Аллаһ мейірімділік таныт-
сын»
, - деп дұға етті. Сахабалар дереу орындарынан тұрып, келген бау-
ырларына орын бере бастады. Осы уақиғадан кейін, жұма күні төмендегі
мына аят түсті:
«Уа, иман келтіргендер! Мәжілістерде сендерге: «Орын беріңдер!»
- деп айтылғанда орын беріңдер! Аллаһ Тағала да сендерге кеңшілік
танытады. Әрі сендерге: «Тұрыңдар!» - деп әмір етілгенде тұрып
кетіңдер!
(Сол арқылы)
Аллаһ араларыңдағы иман келтіргендер мен
білім берілгендердің дәрежесін көтереді. Аллаһ барша істеген іс-
әрекеттеріңнен хабардар»
(Мүжәдәла сүресі, 11-аят); (Уақиди 431-432; ибн Кәсир
IV, 347)
.
***
Ардақты сахабалардың әдебі мен сыпайылығын көрсететін төмендегі
мына уақиға нендей ғибратқа толы.
Хазірет Омар (р.а.) қанжармен пышақталып, төсек тартып қалды.
Ұлы Абдулланы шақырып: «Мүминдердің анасы Айшаға (р.а.) бар. Омар
саған сәлем айтып жатыр деп айт. Мүминдердің әміршісі деп айта көрме.
Бүгіннен бастап мен мүминдердің әміршісі емеспін. Оған Омар ибн Хат-
таб екі досының жанына жерлену үшін сенен рұқсат сұрап жатыр», - деп
айт», - деді.