Previous Page  403 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 403 / 462 Next Page
Page Background

(

403

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Олар әрдайым намазын оқиды»

(Мағариж сүресі, 23-аят)

.

Хазірет Мәулана осы аяттардың мағынасына жақын: «Құл намаздағы

халін, намаздан кейін де бұзбайды. Осылайша барша өмірін, әдептілікпен

Аллаһ Тағаланың қаһарынан қорқумен өткізеді. Тілі мен ішкі жан

дүниесін күллі жамандықтан қорғап өтеді. Бұл ақиқи әулиелердің халі»,

- дейді.

Әдеп, иманның кемелденуімен дүниеге келеді.

Әдеп, кісіні хайуандық сипаттардан арылтып, хақиқи ада-

ми ерекшеліктерін бойына сіңіруіне септігін тигізеді. Хақиқи

мұсылманшылық ислам әдебін үйреніп, іс жүзінде қолдану арқылы ғана

іске асады.

Әдеп, әдепсіз жанның әдепсіздігіне сабырлық таныту.

Әдеп, рух пен ішкі жан дүниенің көркі.

Әдеп, кез келген іс жүзеге асырылғанда қолданылатын метод, әдіс.

Әдіс, метод қолданбастан істі жүзеге асыру мүмкін емес. Сол секілді

әдептілікті пайдаланбай, хақиқи адамгершілік деңгейіне жету де

мүмкін емес. Өйткені адам баласы денесімен емес, рухани байлығымен

бағаланады.

Әдеп, ақыл мен ізгіліктің көзге көрінетін сыртқы бейнесі болып табы-

лады. Өйткені әдеп, адамгершілік ақыл мен ізгіліктен туады.

Мүминнің әдеп және көркем ахлақ тұрғысынан жоғары деңгейде бо-

луы, оның иманының кемелдігін көрсетеді.

223

Яғни, әдеп кәміл иманның

айнасы болып табылады.

Әдеп, кісінің қиын жағдайда паналайтын баспанасы. Оның

маңыздылығын ибн Аббас (р.а.): «Абыройларыңды қорғап тұратын

бекініс, ол – әдеп», - деп жеткізеді.

Әдеп, кәмілжандардыңөзгегешуағыншашатынкөктемі. Әдеп, кісінің

өз ортасында абыройлы болуына үлесін қосады. Сондықтан ғаламдағы

барша ұлық кісі: «Кісінің бойында әдептің болуы, оның дүниенің күллі

байлығына ие болуынан артық», - деп әдептің маңыздылығына тоқталып

өткен.

Әдеп – шайтанның қас жауы. Өз балаларына әдепті үйретпеген ата-

ана шайтанның сүйінуі мен дұшпандарының табалауына тап болады.

Әдеп негіздерінің бірі, кісінің өз шегін біліп сақтанып жүруі бо-

лып табылады. Бұған ел аузында жүрген: «Ғұламаның жанында тіліңе,

әулиенің қасында жүрегіңе, дастарқанның басында қолыңа, қонақта

көзіңе ие бол», - деген ұлағатты сөз айғақ бола алады.

223. Әбу Дәуіт, Сүннет 15/4682.