(
399
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мақсатта қолданылатын. Рамла бинти әл-Харистің құрма бауларының
арасында салынған кең әрі әдемі үйі де осы бағытта қолданылғандығы
нақыл етіледі
(Каттани I, 347)
.
***
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әйелдері, қадірлі аналарымыздың
бөлмелерінен қонақ үзілмейтін. Олар әйел сахабаларды қонақ ету
үшін, Аллаһ Елшісінен (с.а.у.) рұқсат сұрап алған еді. Әйел сахабалар
діни мағлұматтарды үйрену үшін қадірлі аналарымызға жиі келетін.
Аналарымыз оларды әрдайым жылы жүзбен қарсы алып, олармен
шұғылданатын.
221
***
Қонақжайлықтың қайтарымын көрсететін мына уақиға нендей кере-
мет.
Хазірет Хасан, Хазірет Хұсейн және Абдулла ибн Жаппар (р.а.)
қажылық үшін, Мәдинадан сапар шеккен еді. Жолда заттарын жоғалтып
алады. Аш әрі сусыз қалады. Шөлде құрылған бір шатырды көріп, соған
жақындайды. Шатырдың ішінде тек кәрі бір әйел бар екен. Әйелден:
– Ішетін сусыныңыз бар ма? - деп сұрайды. Әйел:
– Бір қойым бар. Сүтін сауып ішіңдер, - дейді. Сүтті ішіп алғаннан
кейін, аш екендіктерін айтып, – жейтін нәрсеңіз бар ма? - деп сұрайды.
Әйел:
– Осы қойдан басқа ешнәрсеміз жоқ. Сойып беріңдер, сендерге ас
пісіріп берейін, - дейді. Қойды сойып, тамақ әзірлетіп тойып алады.
Кететін кезде:
– Біз Құрайыш руынан боламыз. Қажылыққа бара жатырмыз.
Мәдинаға аман қайтсақ, бізді тауып ал! Жасаған жақсылығыңыздың
қайтарымын өтейік, - десті. Кешке әйелдің күйеуі келді. Болған уақины
естіп, ашуға мініп:
–Өзің танымайтын әлдекімдерге қойдықалайжегіздің?Құрайыштың
бірнеше кісісі дейсің. Оларды қалай тауып алмақпыз? - деді.
Бұл жанұя біраз уақыт өткеннен кейінМәдинаға көшуге мәжбүр бол-
ды. Маңайдағы тезекті теріп, соны сатып күн көретін. Бір күні Мәдина
көшелерінің бірінен өтіп бара жатқанда Хазірет Хасанның үйіне тап
болды. Есіктің алдында отырған Хасан (р.а.) әйелді бірден таныған еді.
Әйел оны тани алмады. Дереу орнынан тұрып, әйелге жақындап жасаған
жақсылығын айтып, әйелге көптеген алтын және қой тарту етті. Әрі
Хазірет Хұсейннің үйіне жіберді. Ол да дәл сондай сыйлықтар берді.
221. Бұхари, Иман 32, Тәһажжуд 18; Мүслим, Мусафирун 221.