(
394
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
тарту етті. Бұл сыйды өзі көрсетіп, қонақтарға шын ықыласымен қызмет
еткен еді.
***
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бізге жақсылық жасаудан қашқақтаған, тіпті
жамандық жасаған жандардың өзін, қонақ етіп, күтуімізді өсиет еткен.
Мұның керемет мысалын Хазірет Жүсіптің ахлағында көре аламыз. Хақ
Тағала оны былай деп суреттейді:
«Жүсіптің бауырлары, оның құзырына кірді.
(Жүсіп)
оларды таны-
ды.
(Ал)
олар оны тамады.
(Жүсіп)
олардың жүгін әзірлеп болғанда:
«Әкелерің бір, бауырларыңды маған алып келіңдер! Таразыны тура
өлшегенімді, әрі ең хайырлы қонақжай екендігімді көрмедіңдер ме?»
- деді
(Жүсіп сүресі, 58-59 аяттар)
.
Жүсіп (а.с.) өзіне алуан түрлі жамандық жасаған бауырларына үлкен
қонақжайлық танытып, оларды жақсылап күтіп, барша сыйды көрсетіп
бақты.
Демек қонақжайлық, пайғамбар сипаттарының бірі. Ішіп-жеуде
үнемділікке мән берілуі керек болса, қонаққа берілген тағамда, сыйда
ысырапшылдық жоқ. Алайда бұл сыйдың және шақырудың дүниелік әрі
нәпсінің пайдакүнемдік ойынан ұзақ тұрып, тек Аллаһ разылығы үшін
болуы керек.
***
Әбу Зәр (р.а.) һидаятқа қалай келгенін хикая еткенде, керемет
қонақжайлық жайында сөз қозғайды.
«Мен Ғифар руынанмын. Меккеде бір кісі шығыпты, өзін
пайғамбармын деп жариялапты деген хабарды естігенімде, Аллаһ Тағала
менің көңіліме ислам сүйіспеншілігін орнықтырды. Дереу азығымды
алып, месіме су құйып жолға шықтым. Меккеге келдім. Аллаһ Елшісін
(с.а.у.) танымайтын едім. Сұрастырудан да тайсақтадым. Харам мешітіне
оның келуін күттім. Аштық пен шөлімді зәмзәм суымен басатынмын.
Бір кезде Хазірет Әли жаныма келіп:
– Сен бұл жерді білмейтін тәріздісің? - деп сұрады. Мен оған:
– Иә, - деп жауап бердім.
– Олай болса үйге жүріңіз, қонақ болыңыз, - деді. Әлиге (р.а.) еріп
үйіне бардым. Меккеліктердің ызғарынан, қаһарынан тайсақтаған Әли
менің келу себебімді де сұрамады. Таң атқаннан кейін Аллаһтың Елшісін
табу үшін Харам мешітініне қайта келдім. Кешке дейін күтіп, ол жайлы
еш мағлұмат ала алмадым. Хазірет Әли маған қайта келіп:
– Сен әлі баратын жеріңді таппадың ба? - деп сұрады. Мен: