(
391
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
парызын өтесін, қаламаса борыштар болып қалсын»
(Әбу Дәуіт, Атғима
5/3750)
.
Тағы бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Аллаһқа және ақырет күніне
иман келтірген жан қонағына «жайызасын» берсін»
, - деді. Сахаба-
лар: «Ей, Аллаһтың Елшісі! Қонақтың «жайызасы» не?» - деп сұрады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Оны бір күн, бір түн күту. Қонақ үш күндік.
Қонақты үш күннен артық күту садақа»
- деді
(Бұхари, Әдеп 31, 85; Мүслим,
Лұқата 14)
.
Мейманды бір күн бір түн ерекше тағамдармен күту, ал екінші және
үшінші күндері күнделікті өзінің жанұясы тамақтанатын тағамдармен
күтіп, шығынға кірмеу дұрыс деп саналған. Қонақтан артылған нәрселер,
үй иесі үшін береке.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бізді қонақ етпеген, тіпті сый көрсетпеген
жандарды да қонақ етіп, күтуімізді әмір еткен.
216
Сонымен қатар бір әйелдің күйеуінің рұқсатынсыз, бөгде жанды
үйіне кіргізуіне тыйым салынған.
217
Мейман келгенде өте аш болуы мүмкін немесе асығыс кетіп қалу
ықтималы болғандықтан, дереу бар болған тағамдарды ұсыну қажет.
Тамақты кейін дайындауға болады. Өйткені қонаққа лайықты сый,
құрмет көрсету, жанұяның адамгершілік борышы.
Қонақ кетуге ниеттенгенде оны, есік алдына дейін шығарып салу
сүннет.
218
Мейман үй иесінің мазасын алатындай көп уақыт қалмауы керек.
Бұл жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Бір мұсылманның дін бауырының
жанында, оны күнаһар ететіндей қалуы халал емес»
, - деді. Сахабалар:
«Ей, Аллаһтың Елшісі! Адам өз дін бауырын қалай күнаһар етеді?» - деп
сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қонағына беретін ешнәрсесі қалмаған
жанның қасында қалуы арқылы», - деп жауап берді
(Мүслим, Лұқата 15, 16)
.
Қонақ үйге кіру үшін рұқсат сұрағанда, көзін үйдің ішіне және махрам
(қарауға тыйым салынған) жерлерге қараудан сақтауы керек. Өйткені
Құран Кәрімде:
«(Бір-бірлеріңнің құпияларыңды, қателіктеріңді)
тексермеңдер, іздемеңдер!»
- деп айтылған.
Кіргенде, шыққанда қимыл-әрекетіне көңіл бөліп, қатты дауыс
көтеріп сөйлемеуі керек. Аяқ киімін керекті жерде шешіп, дұрыстап
қоюы қажет. Үйге кірерден алдын, аяқкиіміне назар салып, қандай да
бір нәжіс жабысып қалса, тазалауы ләзім. Қонақ, үй иесінің көрсеткен
216. Тирмизи, Бирр 63/2006.
217. Бұхари, Неке 84, 86; Мүслим, Зекет 84.
218. Ибн Мәжә, Атғима 55.