Previous Page  390 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 390 / 462 Next Page
Page Background

(

390

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

күлімсіреген жүз таныту, жылы сөз сөйлеу, қандай да бір мәселесі болса

шешуге тырысу дін бауырмалдығының аса маңызды бір әдебі.

Сонымен қонаққа сый көрсету, мүминнің негізгі ұстанымдарының

бірі. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Аллаһқа және ақыретке иман

келтірген жан қонағына сый көрсетсін»

деген

(Бұхари, Неке 80, Әдеп 31, 85,

Риқақ 23; Мүслим, Иман 74, 75)

.

Мейманға сый көрсетілген үйге жақсылық, береке кіреді. Мұны

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Жақсылық пен береке, қонаққа сый көрсетілген

үйге, пышақтың түйенің өркешіне жетуінен бұрын кіреді»

деп суреттейді

(Ибн Мәжә 55)

.

Арабтар өте қонақжай әрі жомарт жандар болатын. Қонақ келгенде,

тіпті түйе сойып сый көрсететіндері де болатын. Түйенің ең тәтті жері

өркеші болғандықтан, мейманға тарту ету үшін үй иесінің пышағының

жүзі алдымен өркешке тиетін. Сондықтан әлемнің мақтанышы

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл мысал арқылы үмбетін қонақжайлыққа

үндеген.

Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) қонақ күтуді қаламаған жанға, жақсылық

атаулы болмайтындығын атап айтқан.

212

Өйткені мұқтаж жанды қонақ

етпеу, ұлы пайғамбарлардың көңілін қалдыратын жағымсыз әрекет.

Хазірет Мұса (а.с.) мен Қыдыр (а.с.) сапар шеккенде, бір ауылға тап

болған еді. Алайда ауыл тұрғындары оларды қонақ етуден қашқақтады.

Бұл әрекет олардың көңілдеріне кірбің ұялатты.

213

Мұнымен қатар Пайғамбарымыз (с.а.у.) әкенің, қонақтың

және зұлымдыққа ұшыраған жанның жасаған дұғасының қабыл

болатындығының күмәнсіз екендігін айтып өткен.

214

Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) үйде қонақтар үшін бір төсектің артық бо-

луын өсиет еткен. Әрі ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін де атап

өткен.

215

Ғұламалардың айтуынша Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) үйінде ит

ұстамауының басты себептерінің бірі, иттің келетін қонақты үркітуі

болып табылады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл әрекеті оның

қонақжайлығын көрсетеді. Ол былай дейді:

«Қонақты алғашқы түні күту, әрбір мұсылманның мойнындағы

міндеті. Кімде-кім (қонақ ретінде, біреудің) үйінің алдында таңды

атыруға ниеттенсе, (оған сый көрсету) үй иесі үшін парыз. Қалаған жан

212. Ахмед IV, 155.

213. Кәһф сүресі, 77-аят.

214. Әбу Дәуіт, Уитр 29/1536; Тирмизи, Бирр 7, Дағауат 47.

215. Мүслим, Либас 41.