Previous Page  393 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 393 / 462 Next Page
Page Background

(

393

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

туатын. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірнеше сахабаларынсыз және

мешітке келген мұқтаж жандарсыз тамақтанбайтын. Аллаһ Тағала Хай-

барды бағындыруды нәсіп еткеннен кейін ғана, адамдардың жағдайы

түзелді. Алайда соған қарамастан ел арасында күн көру қиыншылығы

бар болатын»

(Ибн Сағд I, 409)

.

***

Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) үйіне бір кісі қонақ болып келген еді. Мейман

әлі мұсылман емес еді. Яғни мұсылмандықты қабылдамаған болатын.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір қойдың сауылуын әмір етті. Қонақ әкелген

сүтті сіміріп ішіп салды. Қайта әкелінді, қайта бітірді. Тағы да әкелінді,

тағы да бітірді. Осылайша жеті ыдыс сүт ішті. Бұл қонақ ертесі күні

таңертең мұсылман болды. Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) оған қайтадан сүт

берілуін бұйырды. Қонақ бірінші ыдысты ішіп алды. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) қайтадан толтырып ұсынды. Алайда ол бұл жолы сүтті тауыса ал-

мады. Мұны көріп тұрған Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Мүмин бір ішегімен,

ал кәпір болса жеті ішегімен ішеді»

, - деді

(Бұхари, Атғима 12; Мүслим, Әшриба

186)

.

***

Ибраһимпайғамбардың ең айрықша сипаттарының бірі қонақжайлық

болатын. Ол қонақты өте жақсы көретін, аса үлкен сый көрсететін,

жомарт және қадірлі пайғамбар еді. Тіпті үйіне қонақ келіп түспеген

күндері, жолға шығып, мейман іздеп, жолда өтіп жатқан жүргіншілерге

сый көрсету үшін шаңырағына ертіп алып келетін. Үйінің маңынан өткен

әрбір жанға сусын беріп, тамақтандыратын. Сондықтан оның лақабы

«әбул-адиаф», яғни «қонақтардың әкесі» болатын. .

Хақ Тағала Ибраһимның (а.с.) қонақжайлығынан үлгі алуымыз үшін

былай дейді:

«Шүбәсіз елшілеріміз сүйінішті хабармен Ибраһимге

келіп, сәлем берді.

(Ибраһим)

олардың сәлемін алып,

(көп ұзамай)

қуырылған бұзау

(тарту етті)

»

(Хұд сүресі, 69-аят)

.

«

(Уа, Мұхаммед!)

Ибраһимнің сыйлы қонақтарының хикаясын

естімедің бе? Олар Ибраһимге келгенде, «сәлем» деді.

(Сәлем берді)

.

(Ибраһим)

олардың сәлемін алып,

(ішінен мыналар)

бөгде жұрттың

(кісілері-ау)

деді. Дереужанұясына барып, семіз бұзаудың

(қуырылған

етін)

алып келді.

(Етті)

олардың алдына қойып: «Жемейсіңдер ме?» -

деді»

(Зарият сүресі, 24-27 аяттар)

.

Ибн Аббастың риуаятына жүгінсек келген бұл қонақтар Жебірейіл,

Исрафил және Мекайыл (а.с.) дейді

(Құртуби XVII, 44)

.

Хазірет Ибраһим, қонақтардың сәлемін жылы қабыл алып, оларды

үйіне шақырды. Ас әзірлеу үшін олардың қасынан сездірмей шығып

кетіп, семіз, жақсы малының бірін сойды. Етті қуырып, қонақтарына