(
395
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
– Жоқ, - дедім.
– Олай болса бізге қайта қонақ бол, - деді. Үйіне барғанымызда:
– Сенің мұның не? Бұл жерге неге келдің? - деп сұрады. Құпия
сақтайтынына әрі маған жол нұсқайтындығына ант ішкіздім. Кейін:
– Бізге жеткен хабарға қарағанда, бұл жерде бір кісі шығыпты. Өзінің
Пайғамбар екендігін айтатын көрінеді. Онымен кездесіп, сөйлесу үшін
келдім, - дедім. Ол:
– Дұрыс істепсің! Ол кісі Аллаһтың Елшісі. Хақ Пайғамбар. Таңертең
менің соңымнан ер. Мен кірген үйге сен де кір. Сен үшін қандай да бір
қауіп көрсем, аяқ киімді түзеткен болып, қабырғаға айналып кетемін.
Сен білдірмей өтеп кет, - деді.
Әйтеуір Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құзырына жеттік. Маған ислам-
ды түсіндірді. Дереу мұсылман болдым. Аллаһтың Елшісі мұсылман
болғаныма қатты қуанып, күлімсіреді. Біраз уақыт Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) қасында қалдым. Кейінірек:
– Ей, Аллаһтың Елшісі! Не істеуімді әмір етесің? - деп сұрадым.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
–Саған бұйрығымжеткенше, қауымыңа исламды тәблиғ ет!Жарыққа
шыққанымызды естігеніңде, жаныма кел, - деді
(Бұхари, Мәнақибул-Ансар 33,
Ахмед V, 174; Хаким III, 382-385; ибн Сағд IV, 220-225)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Мәдинаға һижрет еткенде, күллі Ансар оны мей-
ман ету үшін жанталасқан еді. Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз
(с.а.у.) үлкен парасаттылықпен және бизылықпен мәселені шешті.
Ешкімнің көңілін қалдырмай Әбу Айюб әл-Ансаридің (р.а.) үйіне түсті.
Әбу Айюб әл-Ансари (р.а.) басында Аллаһ Елшісін (с.а.у.) үйдің
үстіңгі қабатында тұруға қанша үгіттесе де Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ей,
Әба Айюб! Үйдің төменгі қабатында тұру біз үшін қолайлы», - деп үстіне
шығуға көнбеді.
Қадірлі қонағы Аллаһ Елшісіне теңдессіз құрмет көрсетті, махаббат-
пен қызмет етті. Әбу Айюбтің (р.а.) өзі және жанұясы, жатқан жерінің
Пайғамбардың (с.а.у.) тұсына келіп қалады-ау деп қатты қысылып,
бөлменің қабырғаларына жабысып ұйықтайтын. Бір күні су құйылған
ыдыстары сынып, ішіндегі су еденге төгілді. Су құрметті меймандардың
үстіне тамбасын деген оймен Әбу Айюб, жамылып жүрген жалғыз
жамылғыларын су төгілген жерге тастап жіберді. Асығыс-үсігіс жерді
құрғатып алды. Таң рауандап атқаннан кейін Пайғамбарымызға (с.а.у.)
барып, үстіңгі қабатқа жайғасуын қатты өтінді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):