(
397
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
(с.а.у.) барды. Оны көрген Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кеше түнгі мейманға
көрсеткен сыйларыңнан Аллаһ Тағала разы болды», - деді. Аса үлкен
ізгіліктің үлгісі болған бұл оқиғадан кейін, мына аяттың түскендігі
нақыл етіледі:
«Бұрыннан Мәдинаға қоныстанған, әрі көңілдерінде иман ұялаған
жандар, өздерінің жұртына һижрет еткендерді сүйеді. Оларға
(һижрет
еткендерге)
берілген нәрселерге көңілдерінде кірбеңдік болмайды.
(Сонымен қатар)
өздерінде таршылық бола тұра, оларды өздерінен
артық көреді»
(Хашыр сүресі, 9-аят); (Бұхари, Мәнақибул-Ансар 10, Тәпсір 59/6;
Мүслим, Әшриба 172-173)
.
***
Әбубәкір Сыддықтың ұлы Абдуррахман былай деп баян етеді.
Асхабус-суффа кедей жандар болатын. Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Екі кісілік асы бар (Асхабус-суффадан) үшінші етіп біреуді, төрт кісілік
асы бар бесінші етіп, тіпті алтыншы етіп үйіне ертіп әкетсін»
, - деді.
Хазірет Әбубәкір олардың үшеуін үйге алып келді. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) он кісіні үйіне ертіп әкетті. Әбубәкір (р.а.) маған қарап:
– Мен Пайғамбардың қасына кетіп барамын. Мен келгенге дейін
қонақтарға қызмет ет. Астарын жегіз, - деді. Меймандарға ас әкеліп: –
Алыңыздар, - дедім. Олар:
– Бұл үйдің иесі қайда? - деп сұрады. Мен оларға:
– Сіздер ала беріңіздер, дәм татыңыздар, - дедім. Олар:
– Үй иесі келгенге дейін нәр татпаймыз, - деді.
– Өтінемін! Астарыңызды жеңіздер. Әкем келгенде тамақтан-
бағандарыңызды көрсе, маған ашуланады, - деп қанша айтсам да, оларды
көндіре алмадым.
ӘкемӘбубәкір, кешкі астыПайғамбардың (с.а.у.) үйінде жеді. Құптан
намазын оқып, түннің бір уағында келді. Маған қатты ашуланатынын
біліп, ол келген сәтте тығылып қалдым.
– Қонақтарды қайттіңдер? - деп сұрады. Үйдегілер болған оқиғаны
айтып берді. Мұны естіген әкем:
– Абдуррахман, - деп мені шақырды. Мен дыбыс шығармай жатып
алдым. Кейін қайта – Абдуррахман, - деп айқайлады. Мен үн қатпадым.
Бұл жолы:
– Ұлым! Түк естімеген жанның кейпін салма! Дауысымды естісең,
Құдай үшін жаныма кел, - деді. Мен қасына барып:
– Менің жазығым жоқ. Қаласаң қонақтардан сұра, - дедім. Қонақтар: