(
402
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
11. Әдеп
Әдептің ислам дініндегі орнының орасандығы соншалық, оны
қысқаша таныту үшін «Ислам дегеніміз – әдеп» дей аламыз. Өйткені
Аллаһқа және Оның Елшісіне бас иіп, істелген істердің барлығы
құлшылыққа жатумен қатар, әдеп болып табылады. Тыйым салынған
нәрселерге келсек, олар әдепке теріс келетін жағымсыз нәрселер.
Ақыл мен даналыққа сүйеніп, Құран Кәрімге көз жүгіртсек ең көп
қолға алынған мәселенің әдеп және көркем ахлақ екендігін байқаймыз.
Тіпті ондағы тарихи қыссалардың өзі әдеп және көркем ахлақты, яғни
жақсы мәміленің кемелдігін көрсету үшін айтылған. Хазірет Мәулана
бұл ақиқатты былай деп жеткізеді:
«Көзіңді аш! Аллаһтың кәламына бастан-аяқ көз таста. Құранның
әрбір аяты әдеп тәлімінен тұрады».
Құлдарына әдеп пен нәзіктікті өсиет еткен Аллаһ Тағала, бұларға
қайшы келетін барша жамандыққа тыйым салады:
«Шын мәнінде Аллаһ
әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Арсыздыққа,
жамандыққа және шектен шығуға тыйым салады. Сендер түйсінер де-
ген оймен, сендерге насихат етеді»
(Нахыл сүресі, 90-аят)
.
Басқа бір аятта Аллаһ Тағала әдепті құлдарына кешірім
жасайтындығын білдіріп, былай дейді:
«Ұсақ-түйек күнәларынан тыс,
үлкен күнәлардан, арсыздықтардан аулақ болған жандарға, шүбәсіз
Раббыңның кешірімі мол!»
(Нәжім сүресі, 32-аят)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларынабаршажақсыәдепті үйретіпкет-
кен. Сондықтан дініміздің, адамның кез келген сәтіне, әрекетіне қатысты
әдепқағидаларыжетерлік. Бұлардыңкейбірініңүкімі парыз, бағзысының
үкімі сүннет яки мұбах. Барлығы адамзат баласының абыройына дақ
салмау, арын таптамау, осылайша дүниелік әрі ақыреттік бақытымызды
қамтамасыз ету үшін қойылған. Бір сұлтанның немесе биік мәртебелі
кісінің құзырындағы жан, күнделікті қарабайыр әрекетін жасамайды.
Сол мақамдарға қатысты әдептерді толықтай орындауға тырысары
хақ. Әулие кісілерде әрдайым Аллаһтың назарында болатындықтарын
түйсінгендіктен, әрқашан әдепке үлкен мән береді. Осылайша әдептілік
олардың барша саналы ғұмырынан тиесілі орнын алады. Өйткені олар
кез келген жер мен уақытта Аллаһ Тағаланың құзырында екендіктерін
пердесіз әрі дәлелсіз сезінетін жандар. Яғни, олар:
«Ол, қайда болсаңдар
да
(әрдайым)
сендермен бірге»
, деген аяттың ақиқатын ұғынған жандар
болып табылады
(Хадид сүресі, 4-аят)
.
Хақ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
«Олар әрқашан намазға үлкен мұқияттылық көрсетеді»
(Мағариж
сүресі, 34-аят)
.