Previous Page  407 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 407 / 462 Next Page
Page Background

(

407

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

айтса, бойындағы ашуы тарайтын бір сөзді білемін. Егер ол:

«(Аллаһтың

рақымдылығынан) қуылған шайтанның (жамандығынан) Аллаһқа

сыйынамын»

,-деп айтса бойындағы ашуы тарайды», - деді.

Сол жерде отырғандар Аллаһ Елшісінің осы насихатын әлгі кісіге

жеткізді

(Бұхари, Бәд-ул-Халқ 11, Әдеп 44, 76; Мүслим, Бирр 109; Әбу Дәуіт, Әдеп 3)

.

***

Яһудилердің қадірлі бірнеше кісісі, дуалаумен аты шыққан мұнафық

Ләбид ибн Ағсамға ақша беріп Аллаһ Елшісін (с.а.у.) дуалауды өтінді.

Яһудилермен келіскен Ләбид, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бірнеше

тал шашын қолға түсіріп, бірнеше түйін етіп үрледі. Түйілген және

үрленген шаштарды, еркек құрманың кеуіп қалған гүлінің қауашағына

салды. Кейін оны бір құдықтың ішіндегі баспалдық тасының астына

тығып қойды. Бұл дуалаудан кейін Аллаһ Елшісі сырқаттанып қалды.

Көзінің нұры азайды. Ауруы үдей түсті. Ішіп-жеуден қалды. Қатты

қиналды.

Аллаһ Тағала бұл дуалаудың кім істегендігін, қалай жасалғандығын,

қай жерге жасырылғандығын Аллаһ Елшісіне білдірді. Кей дерек

көздерінде, Аллаһ «Фәлақ және Нас» сүрелерін түсіріп, дуаның әсерін

жойды.

Дертінешипа табылып, сауығыпкеткенАллаһЕлшісі (с.а.у.)Ләбидтің

жүзінкөрмеді.Оныңауыркінәсінбетінебаспады.Өмірінеқауіптөндірген

Ләбидті яки оның руы Бәну Зұрайықтан ешкімді өлтіртпеді.

230

Хазірет Айша анамыз Пайғамбарымызға (с.а.у.): «Уа, Аллаһтың

Елшісі! Дуалаған кісіні тауып алып, масқара етпейсіз бе?» - деді.

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Аллаһ Тағала маған шипа

берді. Мен адамдарға жамандық жасауды немесе оларға нашар мәміле

жасауды қаламаймын», - деп жауап берді

(Бұхари, Әдеп 56)

.

АллаһЕлшісі (с.а.у.)жазалауғашамасыжетіптұрсада, өзінеқастандық

жасаған кісіге кешірім жасаған еді. Тіпті қандай бір сөз яки ишаратпен

кінәсін бетіне баспады. Өйткені Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мұсылман, кәпір

деп бөлместен ешкімге жамандық ойламайтын. Барша жанға үлкен

әдептілік танытып, сыпайылықпен мәміле жасайтын.

Сонымен қатар, Пайғамбарымыз (с.а.у.) барша адамзат баласы

үлгі алу үшін жіберілгендіктен, адамның басынан өтетін кез келген

уақиғаның бірі оның басынан өту арқылы күллі адамзат баласына үлгі

болды. Әйтпесе Хақ Тағаланың оны дуа тағы да басқа нәрселерден

қорғап қалуға шамасы жетер еді.

230. Ибн Сағд ІІ, 197; Бұхари, Тыб 47, 49; Мүслим, Сәлем 43; Нәсай, Тахрим 20; Ахмед IV, 367,

VI, 57; Айни XXI, 282.