Previous Page  404 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 404 / 462 Next Page
Page Background

(

404

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Әдеп кісіні материалдық және рухани тұрғыдағы күллі жамандықтан

қорғайды. Мұны бір шайыр:

Әдеп Аллаһ Тағаладан келген тәж,

Киіп алып, күллі жамандықтан аман қал, - деп жеткізеді.

Сондықтан медреселердің маңдайшасына көркем жазумен «Уа, Раб-

бым әдеп бер!» деп жазылып ілініп қойылған.

Әдеп кез келген істің негізі болып табылады. Мұны тағы бір шайыр:

Әдебиетшілердің арасында талаптандым,

Шеберліктің, іскерліктің жолынұстандым.

Сонда да нәтижесі болады екен,

Тек қана әдептікпен, әдептікпен, - деп жеткізеді.

Әнәс ибн Мәлік (р.а.): «Амалда әдеп байқалса, оның қабыл болуына

ишарат бар», - дейді.

Әулиелер: «Құлшылық кісіні жәннатқа апарады. Ал құлшылықтағы

әдеп пен тағзым Аллаһқа апарады, Хақ Тағалаға жақындатады», - деп ай-

тып өткен.

Демек, көркем ахлақтың ең ұлығы, әдептің ең кереметі діндегі әдеп,

яғни, Хақ Тағалаға көрсетілетін әдеп болып табылады екен. Тасаууфтың

насихат етер негізгі қағидасы, мақсаты да осы. Міне осы мақсат негізінде

кез келген жан «ихсан» дәрежесіндегі кемелдікке қол жеткізеді.

Ибн Аббас (р.а.): «Әдептің басы – қуаныш немесе қайғы-қасіретте

Аллаһ Тағаланың әміріне бас иіп, тыйым салғанынан аулақ болудан ба-

сталады», - дейді.

Ал Хазірет Мәулана:

«Иман деген не?» - деп ақылымнан сұрадым. Ақылым жүрегімнің

құлағына иіліп: «Иман әдептен құралады», - деп сыбырлады. Әдепсіз

кісі, Аллаһтың игілігінен мақұрым қалады», - дейді

Аллаһқа көрсетілетін әдептен кейін, Оның Елшісіне әдептілік таны-

ту келеді. Хақ Тағала атап айтсақ «Хужурат» сүресінде және басқа да

аяттарда мүминдерге Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) әдептілілік танытуды әмір

етеді.

Міне осындай әдеп тәрбиесі ұстаздан шәкіртке, әке-шешеден балаға

жалғасып барша махлұқатты қамтиды.

Суфиян Сәури (р.а.): «Көркем әдеп Аллаһ Тағаланың қаһарын

сөндіреді», - дейді.

Сонымен қатар аталмыш ғұлама: «Мына үш қасиет бойында болған

кісі, мақұрым қалмайды. Олар: