Previous Page  401 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 401 / 462 Next Page
Page Background

(

401

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Әулие Шалабидің Сокуллы Мехмет пашаның уақфиясындағы қонақ

үйлерге қатысты берген мағлұматы нендей керемет.

«Егер түннің ортасында сырттан қонақ келсе, есікті ашып ішке ал-

сын. Әзір тұрған тағамды тарту етсін. Алайда жиһан төңкерілсе де сырт-

та ешкімді қалдырмасын. Таңертең қонақүй қызметшілері тәллалдар

тәрізді (базарда айқайлап, зат сататындар): «Ей, Мұхаммед үмбеті!

Малыңыз, жаныңыз, атыңыз және киімдеріңіз түгел ме? Қандай да бір

мұқтаждықтарың бар ма?» - деп жар салсын. Қонақтардың барлығы:

«Иә, түгел. Аллаһ Тағала игілік иесіне мейірімділік танытсын», - деп

айтқандарында, есік қызметшілері шапақ уақытында қақпаларды айқара

ашып: «Абай болыңдар. Кілемдеріңді жоғалтып алмаңдар. Танымайтын

біреулерді өздеріңе жолдас етпеңдер. Алға басыңдар. Аллаһ жеңілдік

нәсіп етсін», деп дұға етіп, насихатпен шығарып салсын».

***

Л. Х. Деламерре Османдық қоғам өмірінен көрген естеліктерінде

былай дейді: «Стамбул маңындағы саяхаттарымда, мен әрдайым бұл

халықтың сыпайылығы мен қонақжайлығына куә болдым. Кездескен

түріктің кез келгенінен жол сұрасам, дереу маған жол көрсетіп, ішіп-

жейтін нәрселер жайында қолынан келгенін аямайтын. Олардың күллі

іс-әрекетінде кәміл адамшылық пен ақсүйектік байқалатын.

Доктор А. Брайердің алған әсері мынадай:

Османдықтарда ерекше бір рух бар. Соның арқасында олар әрбір

құдайы қонақты үлкен нығмет деп бағалайды.

Үй иесі, қонағына үйінің ең жақсы бөлмесін беріп, барша қызметін

шын пейілімен атқарады. Тіпті қонақ сырқаттанып қалса, дәрігердің

ақшасын да төлейді. Өйткені қонаққа қаражат жұмсаттыруды ұят деп

санайды. Қонақ үйден кетерде, үйіне түсіп, сыпайылық танытқандығына

алғыс әрі естелік ретінде үй иесі оған бірнеше сый тарту етеді».

***

Қысқасы, Хақ Тағаланың разылығы үшін көрсетілген қонақжайлық

Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірудің жемісі болып табылады.

Қонақ күту, бұл дүниедежақсылық, береке, молшылыққа себеп болуымен

қатар, о дүниеде аса маңызды бақыт қоймасы екендігі хақ. Ата-бабамыз

қонаққа жұмсалған қаржының, мүлікті азайтпайтындығын іс жүзінде

көргендіктен: «Қонақ өз нәсібімен келеді», - деген. Сонымен қатар қонақ

күтемін деп шығынға түспеу үшін «Қонақ қалап келгенін емес, тапқанын

жейді», - деп айтқан. Бұл түсінікке ие болған мұсылмандар, шығынға

кірмегендіктен әрқашан қонақ күтуден қашпаған. Әрдайым Аллаһтың

құлдарына сый-құрмет көрсетіп өткен.