(
396
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
– Біз үшін төменгі қабат қолайлы, - деді. Әбу Айюб (р.а.):
– Сіз төменгі қабатта болсаңыздар, біз үстіңгі қабатқа шыға алмай-
мыз, - деді. Сөйтіп орындарын ауыстыруға разы болысты.
Әбу Айюб әл-Ансари (р.а.) өте ерекше ықылас білдіріп, қонағы
Пайғамбарымызды (с.а.у.) риза ету үшін қолынан келгенін аянып
қалмайтын. Әрдайым ас пісіріп, Аллаһ Елшісіне жіберетін. Тамақтың
артылғаны келсе, Пайғамбарымыздың саусақтары тиген жерді тауып,
тәбәрік ететін
(Мүслим, Әшриба 170, 171)
.
***
Меккеден Мәдинаға һижрет еткен мұһажирлер де дәл сол
қонақжайлықты көрген еді. Олар Мәдинаға алғаш келген күннің өзінде
Ансар қадірлі қонақтарын мейман ету үшін өз араларында жарысқа түсті.
Тіпті қонақтарды бөлісе алмай, жеребе тастауға мәжбүр болды
(Бұхари,
Жанайз 3; Мәнақибул-Ансар 46)
.
Кейінірек бауларын, бақшаларын, дүние-мүліктерін және басқа да
нәрселерін олармен бөліскен еді.
***
Әбу Хурайра былай деп әңгімелейді:
«Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп:
– Мен ашпын, - деді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әйелдерінің біріне хабар
салып, жейтін бір нәрсе беріп жіберуін өтінді. Анамыз:
– Сені пайғамбар етіп жіберген Аллаһтың атымен ант етейін, үйде
судан өзге ешнәрсе жоқ, - деді. Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз
(с.а.у.) басқа әйелінен жейтін нәрсе сұратты. Ол да дәл солай деп жауап
қайырды. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзге әйелдері де:
– Сені пайғамбар етіп жіберген Аллаһтың атымен ант етейін, үйде су-
дан өзге ешнәрсе жоқ, - дегеннен кейін, сахабаларына қарап: – Осы түн,
мына кісіні кім қонақ етеді? - деп сұрады. Ансардан біреу шығып:
– Мен қонақ етейін, уа, Аллаһтың Елшісі! - деп әлгі пақырды үйіне
ертіп әкетті. Үйге барғаннан кейін әйеліне:
– Аллаһ Елшісінің қонағын күт, - деді. Кейін: – Үйде жейтін нәрсе бар
ма? - деп сұрады. Әйелі:
– Тек балаларым жейтіндей ғана ас бар, - деді.
– Олай болса, балаларыңды жұбат. Дастарқанға келуді қаласа, дереу
ұйықтат. Қонақ ішке кіргенде шамды сөндір. Дастарханға отырып, жеп
отырған кісі тәрізді боламыз, - деді.
Дастарханға келіп, жайғасып отырды. Қонақтың қарны тойды. Үй иесі
бала-шағасымен бірге аш жатты. Таңертең әлгі сахаба Пайғамбарымызға