Previous Page  386 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 386 / 462 Next Page
Page Background

(

386

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қалдыңдар ма?Жанымды қолында ұстап тұрғанАллаһқа ант етейін, Сағд

ибн Муғаздың жәннаттағы бет орамалдарының бірі, мынадан қайырлы

әрі әдемі», - деді. Кейін үстіндегі киімді шешіп, Хазірет Жағфарға (р.а.)

беріп жіберді. Жағфар (р.а.) оны киіп алды. Мұны көрген Аллаһ Елшісі

(с.а.у.): «Мұны саған кисін деп бермедім», - деді. Хазірет Жағфар: «Жа-

райды. Онда мұны не қылмақпын?» - деп сұрады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Бауырың Нажашиға беріп жібер», - деді

(Ахмед III, 229; ибн Әсир, Усдул-Ғаба

I, 324; ибн Сағд I, 456-457)

.

***

Дихятул-Кәлби Пайғамбарымызға (с.а.у.) бір мәсі және бір шапан

сыйға тартты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларды киіп алған еді

(Тиримизи,

Либас 30/1769)

.

***

Бір күні Дәуіт (а.с.): « Аллаһым! Мен сені қайдан табамын?» - деп

дұға еткен еді. Аллаһ Тағала: «Менен қорқып, жабығып жүргендердің

қасынан табасың», - деп уахи етті

(Ибн Кәсир, әл-Бидая IX, 287)

.

Пайғамбарымыз да (с.а.у.) әл-ауқаты нашар жандарға, жалғыз-

бастыларға, шарасыз қалғандарға, құлдарға, көңілі жабығыпжүргендерге

үлкен құрмет көрсететін. Олардың мәселелерімен өзі бас болып, айна-

лысатын. Оларды дән разы ететін бір шара тауып, көңілдерін алуды ой-

лайтын. Бұл хал, мүминдердің тәкаппарлығы мен менмендігін жоятын,

нәпсіні тәрбиелейтін жақсы әдістердің бірі болып табылады.

Әнәс ибн Мәлік былай деп әңгімелейді:

Шөлде көшіп қонып жүретін бәдәуи Захир атты бір сахаба бар бола-

тын. Бұл кісі Аллаһ Елшісіне әр келгенінде шөлде өсетін жемістерді тар-

ту ететін. Қайтатын кезде Пайғамбарымыз (с.а.у.) оның қажетті заттарын

дорбасына салып беріп: «Захир біздің шөліміз, ал біз оның қаласымыз»,

- дейтін.

Захир сұлу кісі емес. Алайда Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оны қатты жақсы

көретін.БіркүніЗахирқолындағызаттарынсатуменайналысыптұрғанда

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оны арқасынан қапсыра құшақтап, көздерін екі

қолымен жапты. Захир:

− Кімсің сен? Жібер мені, - деп құтылуға тырысты. Бірақ көздерін

жапқан кісінің Аллаһ Елшісі (с.а.у.) екендігін аңғарған сәтте, жаны

жай тапты. Арқасын Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) кеудесіне үйкей түсті.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

− Мына құл сатылады. Алатын кісі бар ма? - деп жар салды. Захир

мойнын бүгіп, мұңды дауыспен:

− Уа, Аллаһтың Елшісі! Мен секілді құнсыз құлға, уаллаһи көк тиын