Previous Page  383 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 383 / 462 Next Page
Page Background

(

383

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

са, сахабаларының пақырларына үлестіріп беретін. Өйткені садақаны

игілігіне жарату Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) харам етілген болатын. Ал

берілген нәрсе, сыйлық болып шықса һәм өзі алатын һәм сахабаларының

мұқтаждарына беретін

(Бұхари, Хиба 5; Мүслим, Зекет 175)

.

Сый тарту ету, берілген сыйлықты алу кісіні бағалаудың нышаны.

Терең сүйіспеншіліктің белгісі. Сол себепті сыйлықтың құндылығы

емес, онымен бірге келген мән-мағына маңызды. Демек сыйлықтың

үлкендігі яки кішкенелігі маңызды емес кең пейілділік, ықылас маңызды.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Уа, мұсылман әйелдер! Ешбір әйел қойдың сирағы

болса да, көршісіне беретін сыйлығын аз көріп, бермей қоймасын»

, - дейді

(Бұхари, Хиба 1, Әдеп 30; Мүслим, Зекет 90)

.

Басқа хадис-шәріпте Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Егер мен, сирақ яки жа-

уырынмен (пісірілген) асқа шақырылсам дереу барамын. Ал егер маған,

жауырын немесе сирақ сыйға берілсе, (ойланбастан) қабыл аламын»

, -

дейді

(Бұхари, Хиба 2, Неке 73; Мүслим, Неке 104)

.

Құлдар да қолындағы барымен арпа нанға Аллаһ Елшісін (с.а.у.)

қонаққа шақыратын. Ол оны аз көрмей қонаққа баратын

(Хайсами IX, 20)

.

Демек, тарту еткенде немесе қабыл алғанда сыйлықтың үлкендігіне,

кішілігіне мән бермеу қажет. Өйткені материалдық жағдайға қарай,

сыйлық беру әдептілік қағидасына кіреді.

Берілген сыйлыққа, қолдағы мүмкіндікке қарай қарымта беру ләзім.

Бірақ қатты шығынға батудың да қажеті жоқ. Бұл жайлы хадис-шәріпте

былай делінген:

«Сендерге біреу сыйлық тарту етсе, қарымта сыйлық беріңдер!

Беретін нәрселерің болмаса, оған дұға етіңдер!»

(Ахмед II, 96)

.

Сыйлық тарту еткенде әуелі жақын көршіден, туыстан бастау қажет.

Қолдағы мүмкіндікке қарай һәм жақынға һәм алысқа сыйлық беріледі.

Хазірет Айша анамыз (р.а.): «Уа, Аллаһтың Елшісі! Екі көршім бар.

Қайсысына сыйлық тарту етейін?» - депАллаһЕлшісінен (с.а.у.) сұрадым

дейді. Сонда Пайғамбарымыз маған қарап:

«Есігі саған жақынырақ

болғанға бер»

, - деді

(Бұхари, Шұфға 3, Һиба 16, Әдеп 32)

.

Сыйлық тарту еткенде қандай да бір пайда күтпеу қажет. Тек Аллаһ

Тағала разылығы үшін берілуі керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) шынайы

ықыласпен берілмеген сыйлықты алуға тыйым салған. Бұл жайлы хади-

стерде былай делінген:

«Кез келген біреу бауырының ісін жүргізуге септігін тигізіп, бауы-

ры оның (көрсеткен бұл қызметіне) сый тарту етті (делік). Егер ол

сыйлықты қабыл алса, өсім есіктерінің біріне кіргенімен тең (өсім жеген-

мен тең)»

(Әбу Дәуіт, Буюғ 82/3541)

.