Previous Page  380 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 380 / 462 Next Page
Page Background

(

380

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Әбу Исрайыл. Күннің астында тұруды, отырмауды, көлеңкелемеуді,

ешкіммен сөйлеспеуді және әрдайым ораза ұстауды өзіне нәзір етті», -

деп жауап берді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Оған барып айтыңдар: «Адамдармен сөйлессін,

көлеңкелесін, отырсын және оразасын жалғастырсын», - деді

(Бұхари,

Айман 31; Әбу Дәуіт, Айман 19)

.

Міне, құлшылық та, риязат та қысқасы барлық уақытта шектен

шықпай орта жолды ұстану керек екен.

***

Ибн Аббас (р.а.) мұқияттылыққа мысал болатын төмендегі мына

оқиғаны былай деп әңгімелейді:

«Бір тышқан шамның пілтесін Аллаһ Елшісінің алдына, үстінде

отырған «хасырдан» тоқылған көрпеге тастап кетті. Шамның пілтесі

бір дирһамның көлеміндей жерді күйдірді. Әрдайым жинақылық пен

мұқияттылыққа үлкен көңіл бөлген Пайғамбарымыз мұны көріп:

«Ұйықтайтын шақтарыңда шамды өшіріп жатыңдар! Өйткені шайтан,

мына секілділерге жол көрсетіп, сендерді өртеп жібереді», - деді

(Әбу

Дәуіт, Әдеп 160-161/5247)

.

***

Мүминдердің анасы Сафия бинти Хуай (р.а.) асығып-аптықпау мен

мұқияттылық жайында Аллаһ Елшісінің бойынан көрген оқиғасын бы-

лай деп нақыл етеді.

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) иғтикафқа кірген болатын. Бір күні түнде

оған кіріп шықтым. Кейін үйге қайтуға жиналғанымда, ол мені

шығарып салмақшы болып мешіттен шықты. Сол сәтте ансарлық екі

кісі тұсымыздан өтті. Аллаһ Елшісін (с.а.у.) жанұясымен бірге келе

жатқандығын байқап қалып, тұсымыздан шапшаң өте бастады.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оларға қарап: «Асықпаңдар! Жанымдағы Сафия

бинти Хуай», - деді.

Олар: «Аллаһ Елшісінің теріс әрекет жасауынан Аллаһты пәктейміз»,

- десті.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Шайтан, адамның денесінде қанның айналғаны

секілді айналады. Оның жүректеріңе жамандық яки күмән ұялатуынан

мазасыздандым», - деді

(Бұхари, Иғтикаф 11; Мүслим, Сәлем 23-25)

.

***

Әрдайым жинақы әрі мұқиятты болуды өсиет еткен Пайғамбарымыз

(с.а.у.) хадистерінде үмбетіне мынадай ескертулер жасайды:

«Араларыңдағыкез келгенжан, дінбауырынақаруменишаратетпесін!