Previous Page  375 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 375 / 462 Next Page
Page Background

(

375

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

өлім келіп: «Уа, Раббым! Менің өлімімді азғана уақыт кешіктірсең,

садақа беріп, ізгі жандардың қатарына кірер едім!» - деп айтпастан

бұрын, өздеріңе нәсіп еткен ырыздықтан сарп етіңдер!»

(Мұнафиқун

сүресі, 10-аят)

.

Бұл жайлы Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Асығып-аптықпау, ақыретке

қатысты амалдардан өзге күллі істе қайырлы»

, - дейді

(Әбу Дәуіт, Әдеп

11/4810)

.

Әйгілі ғұлама қазы Ғияд: «Ақыретке қатысты амалдарда, сылбырлық

таныту дұрыс әрекет емес. Аллаһқа жақындау әрі пейіштегі дәрежені

көтеру үшін ақыретке қатысты амалдарда тез шешім қабылдауға жігер

танытатын жан болу қажет», - дейді.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

«Игі істерді істеуде бір-біріңмен жарысыңдар!»

(Бақара сүресі, 148-

аят)

.

«

(Өйткені)

олар игі істерді істеуге асығатын.

(Азабымыздан)

қорқып, мейірімімізден үміттеніп бізге шын ықыластарымен дұға етіп

жалбарынатын»

(Әнбия сүресі, 90-аят)

.

Ал ұлы тұлғалар: «Асығыстықпен жүзеге асырылған істің соңыжақсы

болмайды. Асығып-аптығып ішіп-жеген астан көптеген ауру тарайды.

Сондықтан әрдайым байсалдылықты, аптықпауды өзіңе серік ет. Бірақ

құлшылыққа келгенде тез әрекет ет», - дейді.

Сонымен қатар қарызды өтеу, жаназаны жерлеу, кәмелетке толған ба-

лаларды үйлендіру іспетті істерде асығуға өсиет етілген.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Хазірет Айшадан (р.а.): «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қандай да бір күнге

маңыздылық танытушы ма еді?» - деп сұралды.

Қадірлі анамыз (р.а.): «Жоқ. Аллаһ Елшісінің амалы тоқтамай се-

белеп жауып тұратын жауын секілді еді. Қайсыңның Аллаһ Елшісінің

(с.а.у.) істеген ісіне шамаң жетеді?» - деп жауап берді

(Бұхари, Саум 64, Риқақ

18; Мүслим, Мусафирун 217)

.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) құлшылықта шектен шықпай орта жол-

ды ұстанатын. Бірақ оның құлшылықтары үзілмейтін. Ол аз да болса,

үзілмейтін амалдың артық, қайырлы екендігін әрдайым айтатын.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) арапа күні (Арафаттан Муздалифаға) қайтып

келе жатқан болатын. Арт жақтан бағзы біреулердің (асығып) айқайлап

түйелерін қамшылап жатқандығын, түйелердің бақырған дауысын естіді.