(
370
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазірет Омар (р.а.) қоғамға қатысты мәселелерге қарар берместен
бұрын мұсылмандармен ақылдасатын. Арасында жасы, кәрісі бар барша
ғалым (Құрра) Хазірет Омардың (р.а.) ақылдасу мәжілісіне келетұғын
(Бұхари, Тәпсір 7/5, 110/4, Иғтисам 2)
.
Хазірет Омар (р.а.): «Ақылдаспастан жүзеге асқан істер табысты бол-
майды», - деуші еді. Оның ақылдасқанда қолданатын әдісі мынадай бо-
латын.
Алдымен мәселені қолы жеткен мұсылмандардың көпшілігімен
ақылдасатын. Артынша Құрайыш руы кісілерінің пікірін сұрайтын.
Ең соңында сахабалардың мәселе жайында пікір білдірулерін өтінетін.
Осылайша ең дұрыс шешімді қабылдайтын.
Сонымен қатар ол қиын бір мәселеге тап болғанда, тіпті балалармен
жәнежастарменақылдасатындығы, олардыңөткірлігінпайдаланғандығы
деректерде көптеп кездеседі
(Бәйһақи, әс-Сунанул-Кубра X, 113)
.
***
Омар ибн Абдулазиз халифа болып тағайындалғанда өзіне әрдайым
ақиқат пен жақсылықты насихат ететін «ақылдастар кеңесін» құрған еді.
Олар халифаға насихат айтып, қауіптен сақтандырып қателік жасауына
жол бермейтін
(Бәйһақи, әс-Сунанул-Кубра X, 110)
.
Осман империясының сұлтандары да дін ғалымдарымен, жақын
адамдарымен ақылдаспастан шешім қабылдамайтын.
Мысалы, Шалдыран жорығына аттануды қалаған Явуз Сұлтан Сәлім
хан сол шақтың ең ұлы ғалымдарының бірі ибн Камал Пашадан пәтуа
алу үшін үш күн күткен болатын.
***
Ұзын сөздің қысқасы ақылд су маңыздылығы ерекше Ислами негіз
әрі сүннет болып табылады. Кез келген істі біле бермейтін, қандай да
бір мәселеде дұрыс шешім қабылдай алмайтын адамзат баласы жара-
тылысынан ақылдасуға мұқтаж. Ақылдасу адамның қателікке түсуіне
жол бермейді. Бармақ шайнап, пұшайман болудан сақтайды. Хазірет
Сүлейменнің (а.с.) ұлына айтқан өсиеттерінің бірінде: «Балам! Ма-
ман бір кісімен (ұстазбен) ақылдаспастан ешқандай іс жайында шешім
қабылдама. Егер осылай істесең қайғы-қасіреттен аулақ боласың», - де-
ген еді.
(Бәйһақи, әс-Сунанул-Кубра X, 110)
.
Әрбір ісін ақылдасып істеген кісі, көңілі тыншып ісін нәтижелі
атқарады. Сенімді қадамдар жасайды. Ақылдасу арқылы жасалған
істерде үлкен береке болатыны сөзсіз.