(
369
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
болса, оны орындауға биғат етемін (келісемін, мойындаймын)», - деп
пайғамбарға бағыну антын жасасқан еді.
Сахабаларының қарекетсіз отырғандарын көріп Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) қатты қайғырды. Мұңының қалың бұлты сейілмей, әйелі Умму
Саламаның (р.а.) шатырына кірді. Болған уақиғаны қадірлі анамызға
айтып берді. Анамыз Пайғамбарымызды: «Уа, Аллаһтың Елшісі!
Сіз сахабаларыңызға ләм-мим деместен, құрбаныңызды шалыңыз.
Шашыңызды алдырыңыз. Міне осы сәтте олар қандай мұңға батса да
сіздің соңыңыздан ереді. Оларды кешіріңіз», - деп жұбатты.
Ақылдасудан кейін шатырдан шыққан Аллаһ Елшісі (с.а.у.) солайша
әрекететті.Мұныкөргенсахабаларкелісім-шарттыңбұзылмайтындығын
аңғарды. Барлығы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) істегенін істеді.
Құрбандарын шалып, шаштарын алдыртты. Бұл уақиғаны өз көзімен
көрген Умму Салама (р.а.): «Мұсылмандардың құрбандарына ерек-
ше құлшыныспен жүгіргендігі соншалық, бір-бірін езіп кете ме деп
қорықтым», - дейді
(Бұхари, Шурут 15; Ахмед IV, 326, 331; Уақиди II, 613)
.
***
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде ғибрат алуымыз үшін ақылдасуға мына-
дай мысал көрсетеді.
Хазірет Сүлеймен пайғамбардың хаты қолына тиген Сәба патшайы-
мы былай дейді:
«Уа, ұлықтар! Маған қадірлі бір хат келді. Хат Сүлейменнен. (Әрі
хат) «Аса рақымды, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен (бастаймын деп
басталыпты). Маған қарсышықпаңдар! Мойынсұнған кейіпте құзырыма
келіңдер! (делінген екен хатта).
Уа, ұлықтар! Бұл іс жайында маған пәтуа беріңдер! Мен ешбір істі,
сендермен ақылдаспастан іске асырмаған едім».
Олар: «Біз күшті, әрі мықты жауынгерлерміз. (Бұл ) істің шешімі
саған қалсын. Қандай бұйрық беретініңді, сен жақсылап ойлан!» - десті.
Патшайым: «Шүбәсіз, кез келген патша бөгде мемлекетке басып
кіргенде, бұзақылықжасап, елдіңқадірлі кісілерінқорқылады. (Иә), олар
солай етеді. (Бұл патша да осылай істейтін шығар). Мен оларға елшілер
арқылы сыйлық тарту етіп, елшілердің қандай хабар алып келетіндігін
күтемін», - дейді
(Нәміл сүресі, 29-35 аяттар)
.
Нәтижесінде Сәба патшайымы Сүлейменге (а.с.) бағынып, иман
нұрына бөленеді.
***