Previous Page  373 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 373 / 462 Next Page
Page Background

(

373

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

кей шақта дүние-мүлкінің жартысын, ал кей сәтте үште бірін, тіпті кей

уақытта тек бір бөлігін қабыл алатын. Өзі және Хазірет Әбубәкір (р.а.)

бұлардың қатарына кірмейтін.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) кейде бір күннің ішінде өз пайына түскен ол-

жадан байып қалатын. Бірақ қолына тиген дүние-мүліктің бір бөлігін

негізгі мұқтаждықтарын өтеуге жұмсайтын. Ал қалып қойған үлкен

едәуір бөлігін түгелдей инфақ ететін. Өзінің мұқтаждығынан артық

дүниені жаратпайынша жаны тынышталмайтын.

Хазірет Әбубәкір (р.а.) қандай да бір жағдай болып, қаражат

мұқтаждығы туып жатса күллі дүние-мүлкін арқалап Аллаһ Елшісіне

(с.а.у.) келетұғын. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларының арасынан тек

оның дүние-мүлкін толығымен қабыл ететін. Өйткені ол басына іс туса

да, инфақ еткен дүниесіне пұшайман болмайтын.

Иә, Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) яки Хазірет Әбубәкірдің жөні бөлек.

Ал олардан басқа барша мұсылман баласы орта жолды ұстануы қажет.

Өйткені басты мақсат, ниеттегі шын пейілділік пен ықылас болып табы-

лады. Бұған төмендегі мына хадис айғақ бола алады.

Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маңайындағы сабаларға қарап:

«Орта

жолды ұстаныңдар! Туралықтан таймаңдар! Біліп қойыңдар! Ешбірің

амалының саясында құтылмайды!»

- деді. Маңайындағы сахабалар:

«Сенде құтылмайсың ба?» - деп таңданыстарын жасыра алмады. Аллаһ

Елшісі (с.а.у.):

«(Иә), мен де құтылмаймын. Тек Аллаһ мейірімі мен

рақымдылығына бөлеп жатса, әңгіме басқа!»

- деп жауап берді

(Мүслим,

Мұнафиқун 76, 78; Бұхари, Риқақ 18, Марда 19)

.

Құлшылықта енжарлық, жалқаулық таныту кісіні ақыретте үлкен

өкінішке душар етеді. Ал құлшылықта шектен тыс әрекет етуден

жалығушылық, қателік туады. Содан соң Аллаһтың әмірлерін толықтай

атқаруға кедергі болады. Сол себепті орта жолды ұстану қажет.

Өздеріңіз көріп отырғандай құлшылықтың өзінде шектен шығуға

рұқсат берілмейді екен. Міне осының өзі өзге іс-әрекеттерде орта жолды

ұстанудың дұрыс екендігін көрсетеді. Сондықтан ішіп-жеу, киім-кешек

кию тәрізді материалдық қажеттіліктердің өзінде орта жолдан шықпау

қажет.

АллаһТағалабылайдейді:

«Жеңдер,ішіңдер!Бірақысырапшылдыққа

жол бермеңдер!

(Өйткені)

Ол

(Аллаһ)

ысырапшылдыққа жол

бергендерді сүймейді»

(Ағраф сүресі, 31-аят)

.

Өйткені ішіп-жеу де, киіну де орта жолдан таю, денсаулыққа, дүние-

мүлікке зарарын тигізері сөзсіз.

Сонымен қатар адамдармен жасалар мәміледе кездесетін махаббат