(
368
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хубаб ибн Мунзир (р.а.): «Уа, Аллаһтың Елшісі! Мына жер штаб үшін
қолайлы емес. Құрайыш руының аяқ тіреген жерге ең жақын судың басы-
на түселік. Өзіміз түскен жердің суының соңында қалған барша құдықты
жауып тастайық. Ол судың үстіне хауыз жасап, ішін суға толтырайық»,
- деді.
Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл ұсынысты қабыл етті
(Ибн, Хишам II, 259-260; ибн Сағд II, 15)
.
***
Бәдір ғазауатында мұсылмандар жетпіс кісіні тұтқындаған еді. Аллаһ
Елшісі (с.а.у.) бұл тұтқындарға қандай мәміле жасалатындығы жай-
лы сахабаларымен ақылдасты. Хазірет Әбубәкір (р.а.) құн алып, боса-
тып жіберуді ұсынды. Ал Хазірет Омар (р.а.) тұтқындардың өлтірілуін
ұсынды. Мәжілісте олардан құн алып, босатып жіберуге шешім
қабылданды
(Мүслим, Жиһад 58; Тирмизи, Сияр 18/1567; Ахмед I, 30-31, 383-384;
Уақиди I, 107; ибн Сағд II, 22)
.
***
Ұхуд ғазауатында да Аллаһ Елшісі (с.а.у.) алдын ала сахабаларымен
ақылдасқан болатын. Өзі қаладан шықпай, соғысуды артық көрген еді.
Бірақ Бәдір ғазауатына қатыспаған жастар мен Хазірет Хамза (р.а.)
секілді батыл жігіттер, бұрын қол жеткізе алмаған сауаптарға, игілікке
қол жеткізу ниетімен қала сыртында соғысуды ұсынды. Ғаламның
мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл ұсынысты қабыл етті
(Ибн Хишам
III, 6-7)
.
Сонымен қатар Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Хандақ соғысында ор қазғанда,
Тайыф қоршауын бұзғанда, Тәбуктан қайтқанда тағы да басқа көптеген
мәселеде сахабаларымен ақылдасқан еді.
***
Худайбия бейбіт келісім-шарты жасалғаннан кейін Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) сахабаларына: «Қане, құрбандарыңды сойып, шаштарыңды
алыңдар», - деген еді. Қағбаны тауап ете алмағандықтан мұңға батқан
сахабалардың ешқайсысы бұл бұйрықты орындау үшін орнынан
тұрмады. Олар сырын біле алмаған бір мәселенің тұманында қалып
қойды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұйрығын үш мәрте қайталады. Сонда да
ешкім тырп етпеді.
Бұл Пайғамбардың бұйрығына қарсы шыққандық емес. Қағбаны тау-
аф ете алмаған сағыныштан туған, жүректі тілімдеген сезім немесе енді
жасалған келісім-шарттың бұзылуын күткен қас-қағым сәт еді. Әлде
жағдайды өзгертетін уахидің түсуін күту болатын. Әйтпесе барлығы
бір күн бұрын: «Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) ойында қандай мұраты бар