Previous Page  366 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 366 / 462 Next Page
Page Background

(

366

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Ақыл, ақылдан артық» деген мәтел де лайықты кісілермен ақылдасу

керектігін аңғартады.

Хазірет Мәулана: «Барлық нәрсені аңғаратын, түйсінетін ақылдың

өзі, достарынан айрылғанда садағы сынған садақшы секілді аң-таң күйге

түседі», - дейді.

Демек кез келген кісі нендей ақылды болса да барша нәрсені білуі

мүмкін емес. Өзі душар болған мәселелерде міндетті түрде лайықты

кісілермен ақылдаспастан шешім қабылдамауы қажет.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әйелдермен, әсіресе оларға қатысты мәселелерде

ақылдасудың қажеттілігін төмендегі мына хадис-шәріптерде тілге тиек

етеді:

«Әйелдерге қатысты мәселелерде олармен ақылдасыңдар»

(Ибн Әсир,

Усдул-Ғаба IV, 15)

.

«Жесір әйелдің өзімен ақылдаспастан, қыздың рұқсаты алынбастан

үйлендірілмейді»

(Мүслим, Неке 64)

.

«Қыздары жайында әйелдермен сөйлесіңдер»

(Әбу Дәуіт, Неке 22-23)

.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде еркектердің әйелдерімен ақылдасуының

керектігіне былай деп ишарат етеді:

«Егер ата-ана өзара кеңесіп, өз разылықтарымен баланы емшектен

шығаруға бел байласа, екеуіне де күнә жазылмайды»

(Бақара сүресі, 233-

аят)

.

Әсіресе жастардың жасы ұлғайған, көпті көрген, тәжірибесі мол

кісілермен ақылдасуы ләзім.

Бұл жайында Хазірет Мәулана: «Жастардың айнадан көргенінен

артығын, ақсақалдар бір күйген кірпіштің сынығынан көреді», - дейді.

Ақылдасу, өзімшілдік сезімін тәрбиелеп адамды істеген ісімен

мақтануданқорғайды.Алақылдаспаутекөзінжақсыкөру, өзінөзгелерден

артық көру тәрізді жағымсыз мағынаны меңзеп, тәкаппарлықтың белгісі

болып табылады. Сонымен қатар шын пейілмен өзгелермен ақылдасу,

оларға құрмет көрсетуді білдіргендіктен арада өзара махаббаттың,

сүйіспеншіліктің артуына септігін тигізері хақ.

Біреумен ақылдасқанда жағдай толықтай баяндалуы тиіс. Болма-

са теріс нәтиже шығуы әбден мүмкін. Мұны Хазірет Әбубәкір (р.а.):

«Саған жол көрсетуді қалаған кісіден халіңді жасырма. Әйтпесе өзіңді

алдайсың», - деп жеткізеді.

Ақыл сұралатын кісі де дереу үкім шығармауы қажет. Ақылдасуға

келген кісіні тарапсыз өте мұқият тыңдап шығуы керек. Өзі дұрыс деп

есептеген нәрсесін жасырмауы ләзім. Өйткені Аллаһ Елшісі (с.а.у.)