(
364
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
көрсетеді. Оны осындай игі қадамға итермелеген фактор, оның ішкі жан
дүниесі болатын. Түсінде көрген төмендегі мына түсі, осыны айғақтай
түседі.
Өзі былай деп әңгімелейді:
«Түсімде бір кісі маған келді. Қолыма бір шүберек ұстатып: «Уа,
Хайруддин! Мынаны, падишаһымыз Сүлеймен сұлтанға бер», - деп
ғайып болды. Шүберекті ашып қарасам, ақ қағаздың үстіне жасыл сия-
мен: «Тағы да басқа, сендер жақсы көретін нәрсе бар! Аллаһ тарапынан
жәрдем мен «фатх» (жеңіс). Мүминдерді (осы нәрселермен) сүйіншіле»
деген аят жазылған екен. Оқып көзіме, жүзіме сүрттім. Артынша: «Уа,
ғаламдардың тәңірі! Саған мадақ болсын!» - деп ұйқымнан оянып
кеттім».
Хайруддин паша, көптеген шайқастарда жеңіске жетіп даңқы жер
жарса да, өте қарапайым жан еді. Қол астындағы кісілерге әрдайым
рақымдылық, мейірімділік танытатын. Жауынгерлері сырт көзге ғажап
шайқасатын жандар болып көрінгенімен, оларды рухани тұрғыдан көп
тәрбиелейтін. Көзге көрінген болмашы қателіктерге ескерту жасаудан
аулақ болып, жауынгерлерінің қайта сапқа оралуына мүмкіндік жа-
сайтын. Бөлінушілікке бастайтын қандай да бір уақиға лап етсе, тіпті
өзінің мәртебесіне нұқсан келтірсе де, өшіруге күш салатын. Бірлік
пен ынтымақты сақтауға тырысатын. Маңайындағы қолбасшыларға :
«Қолбасшылар! Сендер мұны ұмытыңдар! Басқа мәжілістерде бұл жай-
лы сөз қозғамаңдар!» - деп ескерту жасайтын. Ол осылайша нәпсінің
айдауына көнбей, бірлік пен ынтымақты сақтау жолында аянбай еңбек
ететін.
***
Қысқасы,
мұсылмандардың
нанымы
таухидке
(сенімге),
құлшылықтары мен мәмілелері бірлік пен ынтымаққа негізделіп
құрылған. Мүминдер күніне қырық мәрте «Тек Саған ғана құлшылық
етеміз! Сенен ғана жәрдем сұраймыз», - деп бірлік пен ынтымақ негізінде
қарекет ететіндіктерін тілге тиек етеді.
Аллаһ Тағала құладарына былай деп ескерту жасайды:
«
Айқын дәлелдер келгеннен кейін
(қырық пышақ болып)
бөлініп,
қайшылыққа түскендер секілді болмаңдар! Міне соларға үлкен азап
бар»
(Әли Имран сүресі, 105-аят)
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) «қоштасу қажылығында», тіпті өмірінің соңғы
күндерінде үмбетіне көптеген ескертулер жасады. Солардың бірі, өзі
бақилық болғаннан кейін бөлінушілікке бой алдырып, бір-бірімен