(
363
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қайғырды. Маңайындағыларға қарап: «Мына залымның істеген ісіне
қараңдаршы! Біз бір айлық жол жүріп, күні-түні кәпірлермен соғысып
жатқанымызда, мына құрығыр мұсылмандардың мүлкін талан-таражға
салып жатыр. Уа, батырлар! Мен қазір жиһадты тастап, қалай мұсылман
бауырларыма қылыш жалаңдатпақпын?» - деді. Осылайша үмбеттің
ынтымақ-бірлігі үшін Анатолия тұрғындарына үлкен сабырлылық та-
нытып, шыдамдылығын көрсетті.
***
Бірлік пен ынтымақ жолында болған уақиғалардың біріне тоқталып
өтейік. Оңтүстік шығыс Анадолыда ру көсемі Ідіріс Битлиси, Явуздың
барша мұсылмандарды бір тудың астына жинау үндеуіне ден қойып, өз
жерлерін Осман империясына қосқан болатын.
Ідіріс Битлисидің бұл әрекеті сипаттауға тіл жетпейтін ерлік,
қаһармандық болып табылады. Шыққан тегі күрт болса да, оның осын-
дай игі ісін бағалай білген Явуз сұлтан үлкен құрмет көрсеткен. Мақтап-
мадақтаумен қатар, өзі жөн деп санаған көптеген игі істерге мұрындық
болуына мүмкіндік жасаған. Тіпті аймақтарға әкім тағайындауды оның
еркіне берген. Өйткені Ідіріс Битлиси мұндай құрметке лайық еді.
Сұлтан тарапынан қаншама сый-сияпат, шексіз билікке қол
жеткізгенімен Ідіріс Битлиси, ешбір бұйрықты сұлтанның қолы болма-
стан іске асырмайтын. Ол сафауилардың шығыс аудандардың жері мен
халқына билігін жүргізу армандарын жүзеге асырмай тастады. Осылай-
ша үмбет бірлігін ыдыратпауға күш салған қаһармандардың бірі болды.
Сонымен қатар шаһ Исмайылдың бастауымен келген Сафауи әскерінің
талқанын шығарып жеңіске жетті.
Ислам тарихындағы осындай ұлы тұлғалардың бірі Барбарос Хай-
руддин паша. Ол ислам бірлігі, ынтымағы негізінде өз қол астындағы
Солтүстік Африканы Осман империясына қосты. Қануни Сүлеймен
сұлтан оныңмұндай әрекетін ерекше бағалап, оғанОсманимпериясының
теңіз күштері қолбасшылығын берді. Міне сол игі істің саясында Же-
рорта теңізі толығымен Осман империясының иелігіне өтті. Сол кезде
тіпті Үнді мұхиты арқылы, мұсылмандарға жәрдем берілді. Судан және
Эфиопияға жорықтар ұйымдастырылды. Осман империясының шека-
расы, оңтүстікте Африка құрлығының орта шеніне жетті. Солтүстікте
Қырымға, Мәскеуге таяп қалды. 1548 жылы Тибриз төртінші мәрте
қайта алынды. Осылайша шығыстағы шекара Каспий теңізіне жетті.
Хайруддин пашаның орасан зор Алжирға сұлтан болудан бас тар-
тып, мемлекетті Осман империясына қосуы шынымен-ақ үлкен игі іс.
Үмбеттің бірлігі мен ынтымағы үшін осындай ізгі іске қадам жасаған
ол, әрдайым мұсылмандар үлгі алар ұлы тұлға болып қала бермек. Бұл
қадам, оның рухани тұрғыдан кемелдігін, халифаға деген адалдығын