Previous Page  362 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 362 / 462 Next Page
Page Background

(

362

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

бидғат, адасушылық (болып табылады),

- деді

(Әбу Дәуіт, Сүннет 5/4607;

Тирмизи, Білім 16; Ибн Мәжә, Муқаддима 6)

.

***

Мүшріктер Аллаһ Елшісімен (с.а.у.) Худайбияда жасаған келісім-

шартты екі жылдан кейін, мұсылмандарды өлтіру арқылы бұзды. Олар

Пайғамбарымыздың бейбітшілікке негізделген келісім-шартына мән

бермеді. Артынша істеген істеріне өкініп, қаттымұңға батты.Мәдинадағы

мән-жайды біліп келу үшін Әбу Суфянды аттандырып жіберді.

Мәдинада ешбір жан Әбу Суфянға жылы шырай танытпады. Тіпті

Пайғамбарымыздың әйелдерінің бірі болып табылатын қызы Умму Ха-

биба (р.а.) үйіне келген әкесінің астынан көрпені тартып алды. Әбу Су-

фян аң-таң болып:

– Қызым! Көрпені маған лайық көрмедің бе? Әлде мені көрпеге

лайық көрмейсің бе? - деп сұрады. Пайғамбарымыздың сүйіспеншілігіне

бөленген анамыз Умму Хабиба (р.а.):

– Мына көрпе, Аллаһ Елшісінің көрпесі. Сондықтан сен лас мүшрік

бола тұра, бұған отыруға лайық емессің, - деп жауап берді. Әбу Суфян

сасып қалып:

– Қызым! Сен үйден кеткелі көп өзгеріпсің, - деді. Анамыз:

– Жоқ! Аллаһ мені Ислам діні арқылы абыройға бөледі, - деп

имандылықтың құндылығын көрсетті

(Ибн Хишам IV, 12-13)

.

Әбу Суфян шарасыз кейіпте Меккеге қайтты. Меккеге келіп

мүшріктерге бейбітшіліктің нышаны қалмағандығын түсіндірді. Сөз

арасында: «Мен жүректері, тек бір жүрекке ұқсап соғатын қауымды

көрдім. Уаллаһи, осының бір пайдасы тиер деп ойлаған үлкен-кіші

барлығымен сөйлестім. Нәтиже шықпады», - деді.

203

Бұл сөзін бірнеше

мәре қайталады.

Міне бұл уақиға мұсылмандарда болған бірлік пен ынтымақтың

құндылығын көрсетеді.

Тек бір жүрекке ұқсап соғу... Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) жүрегі сияқты

соғу! Ол жүрек, Аллаһ Тағаланың ұлы кітабы Құран Кәрім түскен жүрек

еді.

***

Сұлтан I Мұрат хан Румеліде ғазауатта болатын. Мұны қолайлы

сәт деп білген Қараманұлы Алауиддин Бей, осман империясының

жеріне шабуыл жасады. Мәртебелі сұлтан бұл хабарды естігенде қатты

203. Абдурраззақ, әл-Мусаннаф, Бейрут 1970, V, 375.