(
365
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
соғыспаулары еді.
204
Өйткені бірлікте мейірімділік пен береке бар. Аллаһ
әрдайым жамағатпен бірге болады. Жамағаттан айрылған, тозақ жолына
түседі.
205
Сол себепті Аллаһ Тағалаға: «Жүректерімізді бір-біріне жақындат,
біріктір», - деп көптеп дұға етейік ағайын! Біз мұның қадірін біле
бермейміз. Бұл біле білгенге үлкен нығмет. Абдулла ибн Масғұдтың
дегеніне сүйенсек, төмендегі мына аят бір-бірін Аллаһ разылығы үшін
жақсы көрген мүминдер жайында түскен екен:
«Ол
(Аллаһ)
олардың
(яғни, мүминдердің)
жүректерін біріктіреді.
Ал сен дүниедегі барша нәрсені сарп етсең де, сен олардың жүректерін
бірлестіре алмас едің! Бірақ Аллаһ оларды біріктірді.
(Өйткені)
Ол,
аса үстем, аса дана»
(Әнфал сүресі, 63-аят); (Табари, Тәфсір X, 48)
.
7. Ақылдасу
Ақылдасу, бір іске кірісуден алдын біліміне, тәжірибесіне, ахлағына
сенуге болатын кісілермен пікір алмастыру, кеңесу деген сөз. Аллаһ
Тағала былай дейді:
«
(Кез келген)
істе олармен кеңес!
(Қандай да)
бір
істі жүзеге асыруға бел байласаң, Аллаһқа тәуекел ет!
(Өйткені)
Аллаһ
тәуекелшілдерді жақсы көреді»
(Әли-Имран сүресі, 159-аят)
.
«Олардың істері, өзара ақылдасу
(арқылы жүзеге асады)
»
(Шұра
сүресі, 38-аят)
.
Демек ақылдасу мұсылмандардың негізгі сипаттарының бірі. Аллаһ
Елшісінің (с.а.у.) ғұмырына көз жүгіртсек, оның әрбір істі өзгелермен
ақылдасып іске асырғандығын байқаймыз. Бұл ақиқатты Әбу Хурайра
(р.а.): «Аллаһ Елшісінен (с.а.у.) артық достарымен ақылдасқан жанды
көрмедім», - деп жеткізеді
(Тирмизи, Жиһад 35/1714)
.
Ал күнделікті өмірде бірнеше ақылдыңжалғыз ақылдан көбірек дұрыс
шешім қабылдайтындығын көзіміз көріп жүр. Мұны Пайғамбарымыз
(с.а.у.):
«Истихара жасаған жан зарарға ұшырамайды, ақылдасқан
жан пұшайман болмайды, үнемдеген жан пақыр болмайды»
,
206
- деген
сөздерімен баян етеді.
Хазірет Хасан Басри ақылдасудың пайдасы жайында: «Уаллаһи,
ақылдасқан кісілер міндетті түрде алдындағы таңдаулардың ең
жақсысына бет алады», - деп,
«Олардың істері, өзара ақылдасу
(арқылы
жүзеге асады)
»
деген аятты оқыған еді
(Бұхари, әл-Әдәбул-Муфрад №258)
.
204. Бұхари, Хаж 132, Ілім 43, Мәғази 77, Дият 2, Әдахи 5; Муслим, Иман 118-120, Қасамә
29.
205. Тирмизи, Фитән 7.
206. Хайсами ІІ, 280.