Previous Page  357 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 357 / 462 Next Page
Page Background

(

357

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

құқығы болып табылатын халифалықтан бас тартатындығын білдірді.

Осылайша Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) тағы да бір мұғжизасы іске асты.

***

Муқатил ибн Хаййан былай деп әңгімелейді:

«Имрул-Қайыс Кинда руынан Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келген де-

лагация құрамында болған сахаба еді. Кейінірек осы рудан көптеген

адамдар муртад (Ислам дінінен шыққандар) болып кетті. Бірақ ол

иманын сақтап қалды. Міне осы сахаба, басқа сахабамен жер дауымен

Пайғамбарымыздың құзырына келеді.

Өзге сахаба әуелі сөз алып:

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Мына кісі, менің әкемнен қалаған мүлікке

қол сұқты, - деді. Имрул-Қайыс:

– Ол жер менің жерім. Ол жерге егін егіп, жемісін алып жүрмін. Оның

бұл жерге құқығы жоқ, - деді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әлгі сахабаға қарап:

– Бұл жердің сенің мүлкің екендігін айғақтайтын дәлел әкелесің! Яки

мынаған ант ішкіземін, - деді. Сахаба:

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Ол өтірік ант ішіп, жерімді алып кетеді ғой, -

деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Дәлелің жоқ болса, оның антынан басқа шара жоқ, - деді де артын-

ша: – Кімде-кім бауырының мүлкінің бір бөлігіне қол сұғу үшін өтірік

ант ішсе, Аллаһ Тағалаға қауышқанда, оны өзіне ашулы күйде көреді, -

деді. Имрул-Қайыс:

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Өзінің туралығын біле тұра, даудан бас

тартқанға не сый бар? - деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Жәннат, - деп жауап берді. Имрул-Қайыс Пайғамбарымызға (с.а.у.)

қарап:

– Сен куәсің! Мен ол жерді мынаған бердім, - деп даудан бас тарт-

ты. Артынша Аллаһ Тағала төмендегі мына аятты түсірді:

«Дүние-

мүліктеріңді араларыңда теріс жолмен жемеңдер! Сондай-ақ біле тұра,

кісі малынан бір бөлік

(жымқырып)

жеп қалу үшін билерге

(дау айтып)

бармаңдар!»

(Бақара сүресі, 188-аят)

.

***

Табиғин Сағит ибн Мусаййаб (р.а.) маңайындағыларға қарап:

– Сендерге намаз оқып, садақа беруден артық нәрсені айтайын ба? -

деді. Олар:

– Иә, айт, - десті. Ол:

– Екі кісінің арсын жөндеп, өкпелескендерді татуластыру. Соны-