(
355
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хұдайбия келісім-шартына екі жыл толмастан мүшріктер жасалған
келісімді үлкенопасыздықжасапбұзды.Пайғамбарымыз (с.а.у.)жорыққа
дайындалуға бұйрықберді. Іргелес отырғанрулардыМәдинағашақырды.
Ал қонысы ұзақтау отырған руларға, жолда күтуді әмір етті. Іс-әрекеттің
барлығы құпия өтті. Меккеліктерді шүбаға түсірмейін деген ниетпен
Сирия тарапына шолғыншы жіберді. Осылайша Пайғамбарымыз (с.а.у.)
күллі тарапты өз бақылауына алды. Ол Хақ Тағаланың жәрдемімен қан
төкпестен үлкен жеңіске қол жеткізуді тіледі. Оны жүзеге асыру үшін
бірнеше шара қабылдады.
Әуеліжорыққадайындалудыбұйырғанымен, қайжерге беттейтіндігін
айтпады. Ниетін жасырып қалды.
195
Тіпті ең жақын досы Хазірет
Әбубәкір (р.а.) Меккеге жорыққа аттанатындығын білмейтін. Ол өз
қызы Айша анамыздан жорықтың қайда жасалатындығын сұраған еді.
Айша анамыз (р.а.): «Білмеймін. Бәлки Сұлайым руына, бәлки
Сақиф руына, бәлки Хауазин руына аттанатын шығар», - деп жауап бер-
ген болатын.
196
Өйткені ол да, Аллаһ Елшісінің ниетінен хабардар емес
еді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) меккеліктердің соғысқа дайындалуын қаламады.
Жеңістің бейбіт жолмен іске асуын тіледі. Меккеге ешбір хабардың яки
тыңшының жетпеуіне үлкен мән берді. Хақ Тағалаға жалбарынып:
«Уа,
Аллаһым! Қоныстарына күтпеген жерден жеткенге дейін, Құрайыштың
тыңшысы мен хабаршысын жолда ұстап қал! Оларды түк көрмес соқыр,
естімейтін саңырау ет! Құрайыштықтардың көзін байла! Мені күтпеген
жерден күтіп алсын!»
- деп дұға етті
(Ибн Хишам IV, 14)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинадан шыққанда құрайыштықтарға
күмән тудырмау үшін, шалғайдағы руларға қарай бет алды. Шеңбер
тәріздес жол жүріп, мақсатының белгісіздігі одан сайын арта түсуіне жол
ашты. Меккенің тұсына жеткенде әрбір жауынгердің бір ошақ от жағуын
әмір етті. Осылайша әскер санының көптігін көрсеткісі келді.
197
Сонымен қатар Пайғамбарымыз (с.а.у.) миқат жері болып табылатын
Зулхұлайфада ихрамға кірмей, жорықтың құриялығын сақтап қалған
еді.
198
Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (с.а.у.) тек Меккені
бағындырарда емес, барша жорықтың осылай іске асуына күш сала-
тын. Міне осындай айғақтар, оның соғысқұмар емес екендігін көрсетеді.
Бейбітшілік пен тыныштыққа нендей баға бергендігі байқалады. Ал
195. Ибн Сағд ІІ, 134.
196. Ибн Хишам IV, 14.
197. Хамидулла, Ислам Пейгамбери, Станбул 1995, І, 264-265.
198. Неби Бозкурт, DIA, Мекке XXVII, 557.