(
372
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Кез келген мұсылман құлшылықтың өзінде де шектен шықпауы
қажет. Төмендегі мына хадис шәріптер соған дәлел бола алады:
«Парыз болмаған амалдардышамаларыңжеткенше істеңдер! Өйткені
амалдардың ең қайырлысы, аз болса да үзілмей жалғасқаны»
(Ибн Мәжә,
Зүһд 28)
.
«Араларыңнан кімде-кімадамдарға (имамболып) намаз оқытса, қысқа
оқысын! Өйткені олардың арасында халі нашар, ауру, жасы ұлғайған
жандар бар. Өз басына намаз оқығанда, қалағынанша ұзартсын!».
«Сендердің араларыңдағы (Аллаһтан) ең қатты қорқатын, әрі
тақуасы менмін. Мен кейде ораза ұстаймын. Бағзы уақытта нәпіл на-
маз оқимын. Ал кей кезде оқымаймын. Демаламын! (Сонымен қатар)
әйелдерге үйленемін»
(Бұхари, Неке 1; Мүслим, Неке 5)
.
Яғни, ислам дінінде монах секілді әрекет жоқ. Адам рухының руха-
ни азыққа мұқтаж болғаны тәрізді, тәнінің де біршама мұқтаждықтары
болады. Бұл мұқтаждықтар қамтамасыз етілмеген жағдайда тепе-теңдік
бұзылып өмір сүру салты қиындай түседі.
Аллаһ Тағала инфақта да орта жолдан таймауды әмір етеді:
«Сараң да болма, қолы мүлдем ашық жан да болма!
(Өйткені елдің)
табалауына тап болып, қасірет шегесің!»
(Исра сүресі, 29-аят)
.
«
(Соныменқатаролар)
дүние-мүліксарпеткенде,ысырапшылдыққа
жол бермейді. Әрі сараңдық танытпайды. Осы екеуінің арасындағы
(орта жолды)
ұстанады»
(Фұрқан сүресі, 67-аят)
.
Жомарттық пен садақа істерінде ысырапшылыққа түсу яки
сараңдық таныту мұсылман баласын Аллаһтың қаһарына іліктіреді.
Ысырапшылық, қажеттіліктен тыс жұмсау, ал сараңдық игілікті тек өз
басына ғана тілеу деген мағынаға саяды. Аллаһ Тағала осы екі жағымсыз
қасиеттен арылып, жомарт болуға үндейді.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
«
(Елшім!)
олар сенен
(Аллаһ жолында)
нені инфақ ететіндіктерін
сұрайды. Сен: «
(Қажеттіліктен)
артығын инфақ етіңдер!» - деп айт!»
(Бақара сүресі, 219-аят)
.
Инфақ мәселесінде шектен шығу, пақырлық кебін киюге, бала-
шағаны аш-жалаңаш қалдыруға жол ашатындықтан дұрыс әрекет деп
бағаланбайды. Өйткені, бір қиыншылыққа тап болып, мұқтаждықтың
дәмін татқан кісі қайтып инфаққа беттемеуі әбден мүмкін.
Бағзы сахабалар кейде қатты тебіреніске түсіп, күллі дүние-мүлкін
инфақ етуді қалайтын. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.у.) инфақ етуге ни-
еттенген кісінің материалдық жағдайына немесе рухани деңгейіне қарай