(
374
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
және жек көру іспетті сезімдерде орта жолды ұстанудың тигізер пайда-
сы мол.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:
«Досыңды сүйсең, мөлшерлі сүй!
Өйткені күндердің күнінде дұшпаның болып шығуы мүмкін. Дұшпаныңды
мөлшерлі жек көр! Өйткені күндердің күнінде досың болуы мүмкін»
(Тирмизи, Бирр 60/1997)
.
Ұзын сөздің қысқасы, мұсылман баласы сөзінде, іс-әрекетінде орта
жолды ұстануы ләзім.
Асығып-аптықтау Аллаһ Тағала жақсы көретін қасиеттердің бірі бо-
лып табылады. Яғни кез келген істі іске асырғанда асықпай, алды-артын
ойлау керек. Бұл қасиет қателікке ұрынудан сақтайды.
Ислам діні асығып-аптықпауға үлкен мән береді. Өйткені істің ба-
сында болмашы болып көрінген нәрселер, үлкен қайшылықтарға себеп
болуы әбден мүмкін. Хазірет Мәулананың «Мәжалисус-сабға» атты
еңбегінде келтірген төмендегі мына мысалы нендей өнгелі:
«Дәнді көрген құс бейшара, құрылған тозақ жоқ па деп жан-жағына
жүз мәрте қарайды. Құс әрдайым теріс нәрселерді ойлағандықтан, оның
бойындағы жан қайғысы, жем қайғысынан артық болады».
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бойында асығып-аптықпау қасиеті бар сахаба-
сын былай деп мақтайды:
«Сенің бойыңда Аллаһ сүйетін екі қасиет бар:
1. Момындық. Жұмсақ мінезділік.
2. Асығып-аптықпау. Асықпай әрекет ету»
(Мүслим, Иман 25, 26; Әбу
Дәуіт, Әдеп 149; Тирмизи, Бирр 66/2011)
.
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа хадисінде:
«Асығып-аптықпау Аллаһ Тағаладан, ал асығу шайтаннан», - дейді.
Хазірет Әбубәкірдің Худайбия келісім-шарты жайындағы төмендегі
мына сөздері осы хадистің мағынасын аша түседі.
«Ислам (тарихында) Хұдайбия бейбіт келісім-шартынан артық
«фатх» (жеңіс) болған емес. Алайда адамдар, болашақты ойлай
алмағандықтан осы келісім-шартқа әуелде қарсы шыққан болатын.
Адамдар, Аллаһ Тағала мен Пайғамбардың арасындағы істердің тез ара-
да бітуіне асығады. Ал Аллаһ Тағала олар секілді асықпайды. Кез келген
істі мерзімі келген шақта жүзеге асырады»
(Уақиди II, 610; Халаби II, 721)
.
Сонымен қатар, игі іс екендігінде шүбә болмаған істерді жүзеге
асыруға асығу қажет. Бұл, игі іс екен деп, асығып-аптығып қалай болса
солай тәмамдауға емес, тезірек шешім қабылдау маңызды.
АллаһТағала былай дейді:
«Араларыңдағыкез-келгенжанның біріне