(
379
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
нәпсілеріңнің сендерден алар ақысы бар. Кейде ораза ұстаңдар! Кей-
де ұстамаңдар! Түнде һәм құлшылық етіңдер, һәм ұйықтаңдар! Мен
құлшылық та жасаймын, ұйықтаймын да. Кейде ораза ұстайтын
күндерім болады. Тіпті ұстамайтын күндерім де болады. Ет жегенім
секілді, әйелдеріммен де бірге боламын. Кімде-кім менің сүннетімнен бас
тартса, менен емес!»
Кейін сахабаларын жинап, былай дейді:
«Біреулергене көрінген?Оларәйелдеріменбіргеболуды, ішіп-жеуді, хош
иісті әтірді қолдануды, ұйықтауды, әрі рұқсатетілгендүние қызықтарын
өздеріне харам етеді. Мен сендерге монах болуды әмір етпеймін! Менің
дінімде ет жемеу, әйелдерден ұзақтау болмағаны тәрізді, дүниеден безіп
монастырға қамалу да жоқ. Үмбетімнің саяхаты ораза, монахтығы
(тақуалығы) жиһад (болып табылады). Аллаһқа құлшылық етіңдер!
Оған серік қоспаңдар! Үлкен қажылық пен кіші қажылықты жасаңдар!
Намаздарыңды оқыңдар! Зекеттеріңді беріңдер! Сендер туралықтан
таймасаңдар, өзгелер де туралықтан таймайды. Сендер бұрын өмір сүріп
кеткен қауымдар, шектен шыққандықтан құрып кетті. Дінді қиындатып
жібергендіктен, Аллаһ Тағала да оларға дінді қиындатып жіберді. Бүгінгі
шіркеу мен монастырларда жүргендер солдардың қалдығы»
.
Осы уақиғадан кейін төмендегі мына аят түседі:
«Уа, иман келтіргендер! Аллаһтың сендерге адал етіп берген жақсы
нәрселерді өздеріңе арам етпеңдер! Әрі шектен шықпаңдар!
(Өйткені)
Аллаһ Тағала шектен шыққандарды сүймейді»
(Мәйда сүресі, 87-аят);
(Уақиди 207-208 бет. Әли, әл-Қари, әл-Мирқат I, 182-183)
.
***
Айша (р.а.) анамыз былай деп әңгімелейді:
«Бір әйелмен бірге отырған едім. Кенет Пайғамбарымыз (с.а.у.) кіріп
келді. Маған қарап:
− Мына әйел кім? - деп сұрады. Мен:
− Бұл пәленше деген әйел, - деп жауап бердім. Артынша оған оның
көп намаз оқитындығын айттым. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
− Мұны айтпай-ақ қой. Шамаларыңа қарай, құлшылық етсеңдер
сендерге жеткілікті. Аллаһқа ант етейін, сендер жалықпасаңдар Аллаһ
жалықпайды, - деді
(Бұхари, Иман 32)
.
***
Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай деп сөз өрбітеді:
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) адамдармен сөйлесіп тұрған еді. Бірден түрегеп
тұрған бір кісі көзіне түсті. Оның кім екендігін сұрады. Сахабалар: «Ол