(
382
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
істерімді тұрақты іске асырып отырамын», - деп жауап берді.
***
Ұзын сөздің қысқасы, һәм шектен шықпай, һәм асығып-аптықпай
орта жолды ұстану ислам діні насихат ететін ұлық әрекет болып табы-
лады. Ал жалқаулық, шектен шығушылық, кез келген істің берекетін
кетіріп талқанын шығарады. Қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-
қатынасты бұзады.
Сондықтан мұсылман, орта жолдан шықпай әрекет етуі қажет. Әрбір
әрекетін алдын ала ойлап, таразылауы керек. Ал құлшылық және игі
істерде жинақылық танытуы ләзім.
9. Өзара сый алып-берісу
Өзара сыйлық тарту, ішкі жан сарайы бай мүминдердің бір-біріне
сый ұсынып, қуанышқа бөленетін ізгі істердің бірі болып табылады.
Шын пейілмен жасалған сыйлықтар адамдар арасындағы махаббат пен
бауырмалдық сезімдерін арттыра түсері даусыз. Сонымен қатар, сыйлық
беру арқылы Аллаһ Тағаланың разылығына қол жеткізуге болады.
Ғаламның мақтанышыПайғамбарымыз (с.а.у.):
«Бір-біріңе сый тарту
етіңдер! Арадағы сүйіспеншіліктерің арта түседі»
, - деп сый тартудың
маңыздылығын көрсетеді
(Муатта, Хуснул-Хулқ 16; Бұхари, әл-Әдебул-Муфрад
594; Мунауи III, 271)
.
Басқа хадис-шәріпте Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Бір-біріңе сыйлық
беріңдер! Көңілдеріңдегі кірбің кетеді»
, - дейді (Тирмизи, Уәла 6/2130).
Әнәс ибн Мәлік (р.а.): «Балаларым! Бір-біріңе сый тарту етіңдер!
Өйткені ол, араларыңдағы сүйіспеншілікті арттыратын ең күшті
дәнекер», - деп өзара сый алып-берісудің маңыздылығын атап айтқан
(Бұхари, әл-Әдәбул-Муфрад 595)
.
Сыйлық тарту ету жомарттықтың, нышаны. Әрі көркем ахлақтың
белгісі. Мұсылман ішкі жан сарайы бай, жомарт жан болғандықтан
сыйлық тарту еткенде үлкен ләззат алады. Бір кісіні сүйіндіріп, дұғасын
алу ол үшін үлкен қуаныш болып табылады.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өзара сый тартысуды құптайтын. Қолына
мүмкіндік тиген сәтте-ақ сыйлық тарту ететін. Әрі өзі тарту етілген
сыйлықты қабыл ететін. Бұған Айша анамыздың (р.а.): «Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) сыйлық қабыл ететін. Әрі қарымта ретінде сый тарту ететін», -
деген риуаяты айғақ бола алады
(Бұхари, Хиба 11)
.
Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзіне берілген нәрсенің
сыйлық яки садақа екендігін сұрастырып жүретін. Егер садақа бол-