(
381
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Өйткені ол парқында болмайды. Бәлки шайтан қаруды қолынан шығарып
жіберіп, соның кесірінен тозақтың бір шұңқырына түсіп кетер»
(Бұхари,
Фитан 7; Мүслим, Бирр 126)
.
«Біреу бауырына темірмен ишарат етсе, оны қолынан тастағанша
періштелер оған лағнет оқиды. Тіпті ата-ана бір бауырына болса да»
.
«Оқшантайында оқ болып, мешіттерімізге яки базарларымызға
соққан кісі, мұсылмандардың кез келген біріне залалын тигізбеу үшін,
оғының ұшындағы темірді қолымен көлегейлеп жүрсін!»
Жабир (р.а.): «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қынынан шыққан қылышты
қолдан қолға беруге тыйым салды», - дейді
(Әбу Дәуіт, Жиһад 66; Тирмизи,
Фитан 5)
.
Жолдасына қарай қару бағыттау, қару арқылы әзілдесудің зияны бар-
ша жанға аян. Пайғамбарымыз (с.а.у.) мұндай жағымсыз әрекеттердің
барлығына тыйым салған. Қандай да бір дұшпан қатері болмаса, мей-
рам күндері, базарларда, көпшілік мол болатын жерлерде қару тасуды
тыйған. Қаруы болған күннің өзінде ешкімге зарары тимейтіндей етіп
ұстап жүруді әмір етеді.
***
Әбу Саламаның дегеніне сүйенсек Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) саха-
балары әрдайым орта жолды ұстанатын. Шектен шықпайтын. Сұхбат
мәжілістерінде орайы келіп жатса өлең оқитын. Жаһилия дәуіріндегі
естеліктерін айтысып отыратын
(Ибн Әбу Шайба, әл-Мусаннаф V, 278)
.
Әбубәкір әс-Сақафидің айтқанына құлақ ассақ, олар яғни, сахабалар
біраз Құран Кәрім оқитын. Біраз өлең оқитын.
209
Ибн Аббас (р.а.) шәкірттерімен бірге отырғанда, бір хадис-шәріп
нақыл еткеннен кейін: «Тәбетімізді ашыңдар! Яғни әзіл әңгіме айтыңдар!
Өлең оқыңдар! (Өйткені) рух, тәннің шаршағаны секілді шаршайды», -
деуші еді. Артынша арабтардың мысалдарын хикая ететін. Кейін дәріске
қайта айналып соғатын. Қажеттілік туындап жатса, бұл әрекетін бірнеше
мәрте қайталайтын.
***
Амр ибн Ас (р.а.) Мысырға уәли болып тағайындалған болатын. Ол
қызметін мүлтіксіз атқарған болатын. Адамдар бір күні одан мұның сы-
рын сұрады.
Амр ибн Ас: «Маңайымдағы әрбір адаммен арамызда бір жіп бар деп
ойлаймын. Бұл жіп керіліп үзілуге шақ қалғанда оны біраз босатамын.
Ал шектен шығып босап кетсе, кері тартамын. Осылайша барша адаммен
209. Қаттани, Низамул-хуматун-Нәбәуиия (әт-Тәратибул-Идария) Бейрут 1996, ІІ, 236.