Previous Page  376 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 376 / 462 Next Page
Page Background

(

376

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Оларғақамшыменишаратетіп:«Уа,адамдар!Асықпаңдар.Асығыстықпен

сауап алынбайды», - деді

(Бұхари, Қажылық 94; Мүслим, Қажылық 268)

.

***

Абдулла ибн Амр (р.а.) былай деп хикая етеді:

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) менің: «Аллаһқа ант етейін, жаным кеу-

демде тұрғанда, барша ғұмырымда күндізімді ораза ұстаумен, түнімді

ұйықтамай құлшылық етумен өткіземін», - деп айтқанымды естіпті.

Маған жолығып:

– Бұларды айтқан сенбісің?

- деп сұрады. Мен:

– Әке-шешем жолыңа құрбан болсын уа, Аллаһтың Елшісі! Иә, мен

осылай деп айтқан едім, - деп жауап бердім. Ол:

– Сенің бұған шамаң жетпейді. Сен һәм ораза ұста, һәм ауыз аш. Әрі

көз шырымыңды ал. Әрі құлшылық ет. Шүбәсіз сенде денеңнің алар ақысы

бар. Екі көзіңнің ақысы бар. Әйеліңнің ақысы бар. Сені көруге келгендердің

ақысы бар. Балаларыңның да сенен алар ақысы бар. Әрбір айда үш күн

ораза ұста. Өйткені әрбір жақсылыққа он есе сауап беріледі. Ал бұл бар-

ша уақытыңды ораза ұстаумен өткізгенмен тең,

- деді. Мен оған:

– Мұнан да көбін жасауға шамам жетеді, - дедім. Пайғамбарымыз

(с.а.у.):

– Олай болса бір күн ораза ұстап, екі күн ораза ұстама,

- деді. Мен:

– Бұдан артық жасауға шамам жетеді, - дедім. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

Олай болса, бір күн ораза ұстап, екінші күні ұстама. Бұл Дәуіттің

(а.с.)оразасы.Оразаныңеңжақсысыәріигісі.Аллаһтыңжақсыкөретінна-

мазы Дәуіттің (а.с.) намазы. Дәуіт (а.с.) түннің жартысын ұйықтаумен

өткізетін. Үштен бір бөлігінде намаз оқу үшін ұйқысынан оянып, алтыда

бір бөлігінде қайта ұйықтайтын. Бір күн ораза ұстап, екінші күні ораза

ұстамайтын. Дұшпанмен кездескенде қашпайтын

, - деді. Мен оған:

– Мұнан артығына шамам жетеді, - дедім. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Мұнан игісі, артығы жоқ,

- деді. Артынша ол:

– Барша уақытын

оразамен өткізгеннің оразасы қабыл болмайды,

- деп бұл сөзін үш мәрте

қайталады.

Ал Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) өсиет еткен әрбір айда үш күн ораза

ұстауды қабыл етсем, маған дүниедегі барша нәрседен жанұямнан және

дүние-мүлкімнен қайырлы, игі болады екен. Мұны білмеппін.

Кейін Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маған қарап:

– Қалай хатым түсіресің,

- деп сұрады. Мен:

– Әр түні хатым түсіремін, - деп жауап бердім. Ол маған: