(
427
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазірет Мәулана да көптеген бәйіттерінде орынсыз жерде жақ
ашпаудың артықшылығын былай деп танытады:
«Иә, орынсыз жерде үндемеу теңіз секілді. Ал сөз сөйлеу өзенге
ұқсайды. Саған теңіз керек. Неге сен оны іздемейсің? Ал сен неге
керісінше өзеннің, яғни дүниелік нәрселер өсегінің қыр соңынан қалмай
жүрсің?»
«Бұл дүниенің өсегі шаң тәрізді. Ол көңілді, ішкі жан сарайды басып
қалады. Ақылыңның насихатына құлақ асып, кейде үндемеуді мінезге
айналдыр»
«Сабыр мен үндемеу Аллаһтың мейіріміне жол ашады. Қандай да
бір айғақ немесе куәгер іздеуің бойыңда пайда болған аурудың ныша-
ны. Жаның мейірімге бөленсін десең аяттағы
«Үндемеңдер»
248
әміріне
мойынсұнғайсың».
«Көп сөз сөйлеуді басқаларына бере сал. Сен одан да басқа бір
жанның ішкі жан сарайына еніп, көңілін табуға күш сал. Жоғары қызмет,
мақамның соңынан шаппай, пақырларға молынан садақа таратып Хақ
Тағаланың разылығын сатып ал. Иә, осылай ет. Сонда Аллаһтың игілігіне
бөленесің. Ілтипатына ілігесің. (Ол жүзеге асқанда) Тіпті көк жүзі сенің
мәртебеңе қызғана көз салады».
«Орынсыз жерде үндемеу арқылы сөзіміз өтімді болады. Жақ ашпай-
ақ сезімдерімізді мүлтіксіз жеткізуге болады. Бірақ оны қызғанып,
көрінуіне тыйым салсақ, одан сайын көрінуге деген құштарлығы арта
түседі».
«Бойыңдағы бар қасиетті көрсетпе, үндемеуге бой алдыр. Кәміл кісі
болуды қаласаң жақ ашпа, риядан сақтан!»
Кісі сөз сөйлеуді ұйғарса, жақ ашпаудан құны жоғары хикметтерді
айтуы қажет. Бірақ сөздің қадірін түсінетін кісі таппаса үндемегені аб-
зал. Өйткені әрбір кісінің ақыл деңгейімен есептесу қажет. Әйтпесе
қабақтың әрекетін ұғынбаған жанға хикмет, мағрипат жайлы сөз қозғау
ақиқатқа жасалған үлкен қиянат болады.
Хазірет Әли (р.а.): «Адамдар түсінетін деңгейде сөз сөйлеңдер», -
дейді
(Бұхари, Білім 49)
.
Кейде үндемеу, ең дұрыс жауап болып табылады. Өйткені ислам
ғұламалары: «Ақымаққа айтылар ең дұрыс жауап, үндемеу», - деп мұның
маңыздылығын атап көрсеткен.
Хазірет Мәулананың төмендегі мына сөзі нендей ғажап!
248. Ағраф сүресі, 204-аят; Ахқаф сүресі, 29-аят.