(
432
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мұхаммед ибн Кағб әл-Құрази былай деп әңгімелейді:
«Омар ибн Абдулазизді Мәдинада бұрын көрген едім. Ол кезде әдемі
әрі байлықтың қызығын көріп жүрген жас жігіт болатын. Кейінірек ол
халифа болғанда алдына кіріп шығуға бет алдым. Кіруге рұқсат сұрадым.
Рұқсат берілгеннен кейін ішке кірдім. Оның кейпін көріп таң қалдым.
Таңданысым арта түсіп, оған сүзіле қарай бастадым. Ол маған қарап:
– Уа, ибн Кағб! Неге олай қарайсың? - деп сұрады. Мен:
– Уа, мүминдердің әміршісі! Түсіңіз бұзылып кетіпті. Азып кетіпсіз.
Шаштарыңыз түсіп, ағарып кетіпті ғой. Сізді мынадай кейіпте көргенімде
таңданысымды жасыра алмадым, - деп жауап бердім. Ол маған қарап:
– Ей, ибн Кағб! Мені қабірге жерлегеннен кейін үш күн өткен соң
көрсең, кімбіледі қалай таңқалатыныңды?Олкезде құмырсқаларкөзімді
ойып, көзім бетіме ағып жатады. Аузы-мұрным қан мен іріңге толы бола-
ды. Міне сол шақта мені тани алмайтын шығарсың! Таңданысың да арта
түсер. Сен бұған мән бермей-ақ қой! Сен одан да маған ибн Аббастың
(р.а.) Аллаһ Елшісінен (с.а.у.) риуаят еткен хадис-шәрібін қайтала», -
деді
(Хаким IV, 300/7706)
.
***
Бір күні ұлық әулиелердің бірі Хазірет Жұнайыд Бағдади көптеген
кісінің асығып-аптығып бір жерге жүгіріп бара жатқандығын көрді.
Оларға қарап:
– Мұнша асығып аптығатындай не болып қалды? - деп сұрады.
Олар:
– Пәлен деген жерден бір ғұлама келіпті. Оның Аллаһ Тағаланың
бар және бір екендігіне мыңдаған дәлелі бар екен. Соның дәлелдері мен
түсініктемелерінен пайдаланып қалайық деп кетіп барамыз. Қаласаң сен
де жүр бізбен бірге, - десті. Жұнайыд Бағдади оларға қарап:
– Көретін көз, еститін құлақ, сезетін жүрек үшін ғаламда Аллаһтың
бар және бір екендігіне есепсіз айғақтар бар. Тіпті Хақ Тағаланың өзінің
қаншама куәсі бар. Уа, жарандар! Осылардың барлығы бола тұра күмәні
бар кісі болса, барсын. Біздің көңілімізде титтей шүбә жоқ, - деді.
Ал Сағди Ширазидің мына сөздері нендей керемет!
«Ақылды жандардың пікірінше жасыл ағаштың әрбір жапырағы
Аллаһты тану үшін диуандай! Ал ғапылдар үшін барша ағаш бір
жапырақтың құнына татымайды».
Адамзат баласы, ойға шомып ғалам кітабын оқуды үйренсе, оған
маңайындағы нәрсенің барлығы Хақ Тағаланы танытады. Осылайша
мағрипатқа қол жеткізеді.
***