(
436
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жүргендердің көп уақыт өтпестен сол кемшілікті жүзеге асырып
жүргендіктерін көзіміз көріп жүр.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Кімде-кім дін бауырын, істеген күнәсі үшін
айыптар болса, сол күнәні өзі істемей дүниеден өтпейді»
, - дейді
(Тирмизи,
Қиямет 53-2505)
. Яғни ғайбаттаудың негізінде тәкаппарлық, менмендік,
Аллаһтың құлдарын қор көру, өшпенділік тәрізді жағымсыз сипаттар
жатыр. Бұл жайт, ғайбаттаушының жүрегінің аянышты халде екендігін
көрсетеді.
Ғайбаттау Аллаһқа иман келтірген құлдардың арасын бұзатын, дін
бауыры жайында теріс ойларға себепкер болатын зәрлі у.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына:
«Сахабаларымның ешқайсысы
өзгесі жайлы маған сөз жеткізбесін! Өйткені мен, сендердің алдарыңа
таза, пәк жүрекпен шыққым келеді!»
- деген болатын.
Ғайбаттау адамның жан дүниесін, жүрегін ластайтын теріс қылық.
Айша анамыз (р.а.) бұл жайлы былай дейді:
«Кісінің мүминдерге бауырын ғайбаттағандықтан емес, адал ас
жегендіктен аузын шаюы нендей оғаш қылық!»
252
Аллаһ Тағала мүминдерге Құран Кәрімде былай деп ескерту жасай-
ды:
«Уа, иман келтіргендер! Күмәннің көпшілігінен сақтаныңдар!
Бір-біріңнің кемшілігін іздемеңдер! Біреуді біреу ғайбаттамасын!
(Араларыңдағы)
қайсыңа өлген бауырының етін жеу ұнайды? Әрине
оныжеккөресіңдер!Олайболса, Аллаһтанқорқыңдар!КүмәнсізАллаһ
тәубені қабыл етуші, әрі ерекше мейірімді»
(Хұжурат сүресі, 12-аят)
.
Аллаһ Тағала қысқа ғана бір аят пен көптеген мағынаны қамтыған.
Адамдарды ғайбаттаудан ақыл-ой мен әрі сезім мүшелері сезіне алатын-
дай айғақтармен тыйым салған. Көзі жоқта адамды жамандаудың адами,
ақли жаратылысқа теріс және діни тұрғыдан залал екендігін адамның
құтын алатын сипатпен суреттеген.
Аяттағы
«өлген бауырының етін жеумен пара-пар»
деп суреттелген
ғайбаттаудың үлкен қылмыс екендігіне бұлтартпас айғақ бола алады.
Адам етін, тірі болған күннің өзінде жеу харам. Ал өлген бауырының
етін сүйсіне жеудің қаншалықты жиіркенішіті екендігін өзіңіз ойланып
көріңіз. Мұсылманның жаны, дүние-мүлкі, намысы, абыройы шариғатта
қадірлі болып есептеледі. Оларға тиісуге ешкімнің құқығы жоқ.
253
Кез келген мұсылман баласын ғайбаттап, арына, абыройына дақ салу,
252. Ахмед бин Ханбал, әз-Зүһд, Бейрут 1398, І, 59.
253. Бұхари, Ғылым 9, 37; Қажылық 132; Мүслим, Қажылық 147, Қасама 29, 30.