(
439
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
2.Біркісініңпәтуабөлімінебарып,«Пәленшемағаносындайзұлымдық
жасады. Ақымдыалудың, оныңзұлымдығынтоқтатудыңқандайжолдары
бар?» тәрізді сөздерді айтуы. Мұндай жайт мұқтаждықтан туғандықтан,
шариғатта рұқсат етілген. Алайда мәселені жасырын айту ізгілік болып
табылады.
3. Мұсылмандарды жамандықтан сақтандыру және жақсылығын
тілеу. Мұның да бірнеше түрі бар:
а. Хадисті нақыл етушілер мен куәгерлердің кемшіліктері табылып
жатса, айыптап айту. Бұған ижма рұқсат еткен. Бағзы ғұламалар мұның
үкімі «уәжіп» дейді.
ә. Бір кісі біреуге құдаласу, ортақтық, көршілік, сауда-саттық, яки
аманатқа бір нәрсе тастау іспетті іс-әрекеттер жасауға ниеттенсе, әлгі
адам жайлы мағлұматтардың айтылуы.
б. Дінді әрі діни ғылымдарды үйренгісі келіп жүрген шәкіртті, пасық
жағымсыз мінезі бар, бидғатшы, күнәһар ұстаздан сақтандыру.
в. Жүктелген міндетті ойдағыдай атқара алмай жүрген қызметкерді,
жоғарыдағыларға білдіру.
г. Пасықтығы мен бидғатшылығы байқалып жүрген жан жайлы сөз
қозғау. Алайда осы екі қасиетінен өзге қасиеттері жайлы айту харам.
ғ. Егер бір кісі ақсақ яки керең немесе соқыр, тәрізді сипаттармен ғана
білінсе, оларды тек таныту мақсатында сол лақаптарымен таныстыру.
Мұндай лақаптары бар кісілерді басқа есімдері мен сипаттары арқылы
танытуға рұқсат болған жағдайда да, тұрпайы сипаттарды қолданудан
аулақ болу қажет.
Алайда бұл секілді жайттарда ғайбаттауға болады екен деп, нәпсіге
ермеу керек. Сынау яки мінеудің қайсысының дұрыс екендігін өте
жақсы айыра білу ләзім. Өйткені нәпсі алуан түрлі желеумен өзгені
ғайбаттаудың дұрыс, игі іс екендігін көрсете алады. Тіпті «сенікі дұрыс,
айтуға құқығың бар» деп азғыруы әбден мүмкін.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ғайбаттаушының ақыреттегі аянышты халін бы-
лай деп суреттейді:
«Миғражға шыққанымда тырнақтары мыстан болған жандардың
жүздері мен көкіректерін тырнақтарымен осып жатқан қауымның
тұсынан өттім. Жәбірейілден: «Уа, Жәбірейіл! Мыналар кім?» - деп
сұрадым.
Ол: «Бұлар ғайбат етіп, адамдардың еттерін жегендер. Олардың