Previous Page  442 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 442 / 462 Next Page
Page Background

(

442

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыздың аталмыш оқиғада үндемеуі

Мұғазды құптауының нышаны. Осылайша ол, кез келген мүминнің

ғайбатталуына «тақрири» жауап арқылы тыйым салған болатын.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) азат еткен Ғұбайыд былай деп хикая етеді:

«Екі әйел ораза ұстап жүрген еді. Түскі уақытта біреу келіп: «Уа,

Аллаһтың Елшісі! Мына жерде ораза ұстаған екі әйел бар. Қаталап

өлетін түрлері бар. (Оразаларын ашуға рұқсат бер!)» - дейді. Аллаһ

Елшісі (с.а.у.) сырт айналып, оның дегеніне мән бермеген сыңай таны-

тады. Әлгі кісі айтқан сөзін бірнеше мәрте қайталап: «Уа, Аллаһтың

Елшісі! Уаллаһи, өлетін түрі бар!» - деуден танбайды.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оған қарап: «Шақыр оларды!» - дейді. Әйелдер

келеді. Пайғамбар (с.а.у.) бір ыдыс сұратты. Ыдысты әйелдердің біріне

ұстатып: «Ішіңдегіні құс!» - дейді.

Әйел ыдыстың жартысы қан, ірің және ет құсады. Пайғамбар (с.а.у.)

өзге әйелге де құсуын бұйырады. Ол әйел ыдысқа толған қан, ірің және

ет құсады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Мыналар, Аллаһтың адал қылған нәрселері-

нен тыйылып, харам еткен нәрселерімен оразаларын бұзды. Бірі өзгесінің

жанына отырып алып, адамдардың еттерін жеген (ғайбаттаған)»

, -

дейді

(Ахмед V, 431; Хайсами III, 171)

.

***

Хазірет Мәулана адамдардың өз бойындағы қателігін көрмей,

өзгенің кемшілігі жайлы сөз қозғауын төмендегі мына мысал арқылы

түсіндіреді:

«Үндістандық төрт мұсылман бір мешітке кіреді. Құлшылық жасауға

бел байлайды. Әрбірі ниет етіп, намазға бастайды. Сәжде етіп, рұкуғқа

барады. Олар өздерінің кемшіліктерін іштей сезінгендіктен намазды

шын ықыласпен бастаған болатын. Сол сәтте мешітке азаншы кіріп

келеді. Намаз оқып тұрғандардың бірі намазда екендігін ұмытып: «Ей,

азаншы! Азан айтылды ма? Әлде әлі уақыт бар ма?» - деп қалады.

Қасында тұрған: «Өй! Аузыңды жап! Сөз сөйлеп намазыңды бұздың

ғой!» - дейді.

Үшіншісі екіншісін нұқып қалып: «Көке! Сен неге одан кемшілік

іздейсің? Сен де сөз сөйледің! Сен әуелі өз бойыңа көз жүгірт! Насихат

айтуды әуелі өзіңнен баста!» - дейді.

Төртіншісі: Құдайға шүкір! Мен сендер секілді құдыққа түспедім.

Яғни, сөз сөйлеп намазымды бұзғаным жоқ!» - дейді.