(
448
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Басқа бір аятта Аллаһ Тағала:
«Уа, иман келтіргендер! Меншіктерің-
дегі құл-күңдер, әлі ержетпеген балаларың, таң намазының алдында,
түсте киімдеріңді шешкен уақытта, құптан намазынан кейін жандары-
ңа рұқсат сұрап кірсін!
(Аталмыш)
уақыттан кейін
(кіріп шығу)
сен-
дерге де, оларға да айып емес. Өйткені сендер бір-бірлеріңе кіріп-
шығуға мұқтажсыңдар! Осылайша Аллаһ сендерге аяттарын баян
етеді. Күдіксіз Аллаһ
(барша нәрсені)
білуші, хикмет иесі.
Балаларың ер жеткенде, бұрынғылар рұқсат сұрағандай рұқсат
сұрасын! Осылайша Аллаһ сендерге аяттарын баян етеді. Күдіксіз
Аллаһ
(барлық нәрсені)
білуші, хикмет иесі»
(Нұр сүресі, 58-59 аяттар)
.
Бір кісімен кездескенде дұрыстап сәлемдесу қажет. Сондай-ақ
берілген сәлемді де жылы кейіпте қарсы алу керек. Тіпті кірген жерде
тірі пенде болмаса да кісінің сәлем беріп кіргені абзал.
257
Аллаһ Тағала құлдарының сыпайылық қағидаларының шегінен
шықпай, дұрыс жүріп-тұруларын қалайды. Қатты сөзден, айқайлап-
бақырудан мұсылмандардың аулақ болуын талап етеді.
Хақ Тағала бұл жайлы былай дейді:
«
(Уа, Мұхаммед!)
жүргенде орташа жүр!
(Яғни, тез де емес, ақырын
да емес)
Әрі дауысыңды бәсеңдет!
(Яғни, қатты айқайлап сөйлеме)
Күдіксіз дауыстардың ең жаманы есек дауысы»
(Лұқман сұресі, 19-аят)
.
Өзін мұсылманмын деп санаған кісі, бәсең дауыспен сөз сөйлеуі,
әсіресе үлкендерді айқайлап шақырмауы ләзім.
Бұл жайт жайлы Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
«Уа, иман келтіргендер! Дауыстарыңды пайғамбардың дауысынан
артық көтермеңдер! Сондай-ақ, амалдарыңның сендер аңғармастан
жойылмауы үшін бір-біріңе дауыстағандай айқайлап, пайғамбарды
шақырмаңдар!»
(Хұжурат сүресі, 2-аят)
.
«
(Уа, Мұхаммед!)
шынында сені бөлмелердің арт жағынан айқайлап
шақырғандардың көпшілігі ақылсыз жандар!»
(Хұжурат сүресі, 4-аят)
.
Мұсылман баласы тілі жұмсақ, сөзі шырайлы жан боуға күш салуы
қажет. Әрдайым жақсылық жасауды тілге тиек етуі керек.
258
Орайы келіп
жатса ізгілік, туралық, тақуалық жайлы сөз қозғағаны жөн.
259
Мұсылман баласы, мәжілісте «Орын беріңдер!» деп айтылғанда орын
беруі, сонымен қатар «Тұрыңдар!» деп айтылғанда мәжілістен тұрып
257. Нұр сүресі, 61-аят; Ниса сүресі, 86-аят.
258. Исра сүресі, 53-аят.
259. Мүжәдала сүресі, 9-аят.