Previous Page  453 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 453 / 462 Next Page
Page Background

(

453

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ислами сыпайылықтың айырылмас бөлшектерінің бірі адамдарға за-

лал тигізбеу болып табылады. Ал бұл іс үлкен ыждахаттылықты талап

етеді. Мұғаз ибн Әнас былай деп әңгімелейді:

«Мен Аллаһ Елшісімен (с.а.у.) ғазауатқа шыққан едім. Жауынгерлер

түскен жерін тарылтып, жолды бөгеді. Мұны байқаған Пайғамбарымыз

(с.а.у.) жауынгерлердің арасына хабаршы жіберіп былай деп жар салуын

әмір етті».

«Кімде-кім қандайда бір жерді тарылтса, яки жолды бөгесе (немесе

бір мүминге зиянын тигізсе), оның жиһады жоқ!»

(Әбу Дәуіт, Жиһад 88/2629;

Ахмед ІІІ, 441)

.

Жауынгерлердің түскен жерлерін тарылтудағы тигізер зияны, әрбір

жауынгердің кез келген жерге түсуі, мұқтаждығынан тыс орынды

иемденуі, әрі өзге жандарға залал тигізуі деген сөз.

Жолды бөгеудегі басты зиянға тоқталар болсақ, жауынгерлердің зат-

тарын жүргінші жолына қоюы, қозғалыстың жүйелі түрдегі ағымына

кедергі болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жүргінші жолы мен жолдарды

қажетсіз бөгеуді, тарылтуды Аллаһтың құлдарының тыныштығын ала-

тын өрескел қателік екендігін атап айтқан. Аталмыш іс-әрекетті жасаған

әрбір жауынгердің жиһадтың сауабынан мақұрым қалатындығын тілге

тиек ете отырып барша жауынгерлеріне тыйым салған.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Кімде-кім жұма күні мұсылмандардың мойын-

дарын баса-баса ілгері ұмтылса, тамұққа созылған көпірге ие болады»

,

- дейді

(Ахмет ІІІ, 437)

.

Шынында да бұл өрескел қылық. Алайда адамдар мешіттің алдыңғы

қатарын толтырмай арт жаққа отырса, аталмыш хадис-шәріп өз күшін

жояды.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хазрет Омарға Қағбаны тауап еткенде

дөрекіліктен аулақ болуын өсиет етіп, былай деген еді:

«Уа, Омар! Сен өте күшті қуатты жансың. Хажарул-Әсуадқа жету

үшін адамдарды езіп, әлсіздерге зияныңды тигізбе. Мазаң кетпесін, әрі

біреудің мазасын алма! Адам көп болмаса, Хажарул-Әсуадқа истиләм

етіп, оны сүй! Ал, керісінше адам көп болса, ұзақтан қол бұлғап, сүйіп

жатқандай ишарат жасап, кәлимә таухид айтып, тәкбір айтып өт!»

(Хайсами ІІІ, 241; Ахмед І, 28)

.

Әбу Уасыл былай дейді: Әбу Әйюб әл-Ансаримен кездескен едім.

Менімен қол алысып сәлемдесті. Тырнақтарымның ұзын екендігін

байқап: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) маған былай деген еді: «Сендердің

іштеріңде көктен хабар алумен шұғылданатындар бар. Шынына келер

болсақ, тырнақтарын құс тырнағы секілді ұзартып, тырнақ астында кір-

лас нәрселер пайда болған»

(Ахмед V, 427)

.