Previous Page  450 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 450 / 462 Next Page
Page Background

(

450

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

сүрмелік, иіссу шишасы және жұқа орамал. Пайғамбарымыз (с.а.у.) са-

пар шеккенде осыларды өзімен бірге алып жүретін.

***

Төмендегі мына уақиға мұсылманның бойынан табылуы қажет

тазалық пен сыпайылыққа, сүйіспеншілік пен махаббатқа мысал бола

алады.

Мұғира ибн Шұғба (р.а.) уақиға желісін былай деп тарқатады:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) менен су сұрады. Мен маңайымызда тігілген

шатырлардың біріне бет алдым. Ішіне кірсем, бәдәуи қатын отыр екен.

Мен оған қарап: «Анау тұрған кісі Аллаһтың Елшісі. Дәрет алу үшін су

сұрап тұр. Суың бар ма?» - деп сұрадым.

Әйел: «Әке-шешем Аллаһ Елшісінің жолына құрбан болсын! Көк

аспанның астын, жердің үстін мекен еткен адамзат баласының ішінде

маған ең сүйіктісі Аллаһтың Елшісі. Мына мес өлі хайуанның терісінен

жасалған. Онымен Аллаһ Елшісін ластауға дәтім бармайды», - деді.

Мен Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) қайта келіп, уақиғаны баян еттім. Аллаһ

Елшісі (с.а.у.): Оған қайта бар! Егер теріні илеген болса, тері тазарады»,

- деп мені қайта жіберді.

Әйелге барып, Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) сөздерін жеткіздім. Әйел:

«Уаллаһи! Теріні илегенмін», - деді. Осылайша местегі суды Аллаһ

Елшісіне (с.а.у.) алып келдім»

(Ахмед IV, 254)

.

***

Бір жолы Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мешітте отырған шағында, шашы,

сақалыұйпа-тұйпа бір адамкіріп келеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолымен

оғаншашымен сақалын тарап, ретке келтіруін ишарат етеді

(Муатта,Шағыр

7; Бәйхақи, Шұғаб V, 225)

.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір күні шашы таралмаған, үсті-басы алба-

жұлба бір кісіні көріп: «Бұл адам неге басын жуып тарамайды?» - деп

таң қалған еді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үстіне лас киім киген жанды көрген сәтте:

«Мына адам киімін жуатын су таба алмай жүр ме?» - деп әрдайым

мұсылмандардың таза әрі ұқыпты киіну керектігін баса айтқан болатын

(Әбу Дәуіт, Либас 14/4062; Нәсай, Зинат 60)

.

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа бір жолы үсті-

басы алба-жұлба адам құзырына кіріп келгенде: «Дүние-мүлкің бар ма?

Жағдайың қалай?» - деп сұрады.

Ол, кісі материалдық жағдайының өте жақсы екендігін хабардар ет-

кен сәтте: «Аллаһ саған дүние берсе, нығметі үстіңде көрінсін!» - деді

(Әбу Дәуіт, Либас 14/4063; Нәсай, Зинат 54; Ахмед IV, 137)

.