Previous Page  446 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 446 / 462 Next Page
Page Background

(

446

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ҚұранКәрімде, хадис-шәріптердемұсылмандарғадәретпенғұсылдың

маңыздылығын білдіретін мағлұматтар жетіп артылады. Өйткені дәрет

пен ғұсыл медициналық және рухани тұрғыдан тазаланудың тап-

тырмас құралы. Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) тіпті

құлшылықтан тыс уақыттарда әрқашан дәретпен жүруімізді өсиет етеді.

Тіпті бір хадис-шәріпте тазалыққа еті үйренсін, дағдылансын деген ниет-

пен :

«Дәретке, тек шынайы мүминдер ғана дағдыланады»

, - дейді

(Муатта,

Таһарат 6)

.

Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) мұсылмандардан аса үлкен мұқияттылық та-

нытуларын талап еткен істерінің бірі ауыз тазалығы болып табылады.

Сол себепті Пайғамбарымыз (с.а.у.) тәуліктің кез келген сәтінде, атап

айтар болсақ дәрет алудың алдында мисуак қолдануды үмбетіне әмір

еткен.

Айша анамыз (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Біз, Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) дәрет суын және мисуағын алдын-ала

ақшам уақытында әзірлеп қоятынбыз. Ол қалаған уақытында оянып,

алдымен мисуакпен тістерін тазалайтын. Кейін дәрет алып, намаз

оқитұғын»

(Мүслим, Мұсафирун 139)

.

Тағы да сол Айша анамыздан (р.а.): «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үйге кел-

генде немен шұғылданатын еді?» - деп сұралған болатын.

Айша анамыз (р.а.): «Тістерін мисуакпен тазалайтұғын», - деп жауап

береді

(Мүслим, Тахарат 43-44)

.

Мұсылман баласы астан алдын және кейін қолын жуу арқылы астың

берекетін арттырады.

256

Сонымен қатар тырнақ алу, сақал мен мұрттың қысқартылуы секілді

тәнмұқтаждықтарын өтеуПайғамбарымыздың бізге тәлім еткен әдебінің

бір бөлшегі ғана.

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Пайғамбарлардың

сүннеті бесеу. (Бұл бес нәрсе тәннің мұқтаждықтары болып табылады.)

Олар: «Сүндетке отыру, екі бұт арасын қыру, тырнақ алу, қолтық астын

қыру және мұртты қысқарту»

, - деп, аталмыш нәрселердің тазалық

үшін негізгі факторлар екендігін білдірген.

Мұсылман баласы тұрып жатқан үйін яки тұрақтап жатқан мекенін

таза ұстауы қажет. Өйткені мұсылман келіп тоқтаған жер, міндетті түрде

құлышылықжасайтынмекенгеайналады.Олжергеперіштелердіңкіруіне

кедергі болатын жаман және нәжіс атаулыны жолатпауы қажет. Өйткені

періштелер таза әрі хош иіс аңқыған мекенге үйір болады. Жағымсыз иіс

256. Тирмизи, Әтғима 39/1846.