(
444
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ешкім сүймейтін. Алайда әлгі әулие ғайбаттаушыны әрдайым күлімсіреп
қарсы алатын.
«Кел менің сүйікті серіктесім!» - деген тәрізді жылы сөздер
қолданатын. Уақыт өте келе ғайбаттаушы ынсапқа келіп: «Мен бұл кісіні
жатсам да тұрсам да ғайбаттап жүремін. Ал ол болса, әрдайым маған
ілтипат көрсетеді. Осы сәттен бастап оны ғайбаттамауға бел байладым»,
- деп ант ішеді. Шынымен-ақ ол, әулиені ғайбаттауын қояды. Алайда
ол, әулиенің құзырына барғанда бұрын көріп келген ілтипаттан дәнеме
қалмағандығын байқайды. Мұның себебін білмекші болып: «Уа, қадірлі
кісім! Бұрынғы ілтипатыңыз қайда кеткен?» - деп сауал қояды.
Қойылған сауалды насихат айтуға қолайлы сәт деп түсінген әулие
күлімсіреп былай дейді.
«Бұрын екеуміздің бір саудада серіктестігіміз бар еді. Серіктестік
тоқтады. Ілтипат сонымен бітті».
Әлгі кісі: «Қандай серіктестік? Ондай серіктестіктен хабарым жоқ!»
- деп ағынан жарылады.
Әулие: «Сен мені бұрын жатсаң-тұрсаң ғайбаттаушы едің. Мен
қарымта қайырмай, сабарлық танытуды жөн көруші едім. Бұл
сабырымның өтеуі ретінде менің күнәларым сенің амал дәптеріңе, ал
сенің сауаптарың менің амал дәптеріме жазылушы еді. Иә, сенімен
осындай саудада серіктестігіміз бар болатын. Қазір сен мені ғайбаттауды
тоқтаттың! Серіктестік соның себебінен құрыды», - деп серіктестіктің
мәнін ұғындырады.
Әлгі кісі терең ойға шомып: «Шынымен-ақ ғайбаттаушының халі
осындай болмақ па?» - деп аң-таң болады. Әулие оған төмендегі мына
мысалман жауап береді.
«Имам Шарани былай дейді: «Біреуді ғайбаттағым келіп тұрса,
әуелі әке-шешемді ғайбаттаймын. Өйткені ғайбаттаушы өз сауабын
ғайбатталған кісіге береді. Әрі оның күнәсін өз мойнына алады».
Бұл сөздерге ден қойып тыңдаған кісі әрекетінің терістігіне көзі
жетеді. Артынша әулиеге ешбір жанды ғайбаттамайтындығына уәде
береді».
***
Қысқасы, ғайбаттау бір кісінің құқығына қол сұғу болып табылады.
Қиямет күнінде жанға батар ауыр күнә. Көптеген адамдар дастарқан
басында әңгімелесіп отырып, ғайбаттаудың батпағына түскендіктерінің
парқында болмайды. Тіпті кейде ақиқатты айтып отырмыз ғой деп
даурығады. Кейде сонымен өздерін жұбатады. Ғайбаттаудың қатерлі
тұстары да осы. Ғапыл жанға түкке тұрғысыз болып көрінгенімен