(
443
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Осылайшатөртеуініңденамазыбұзылады.Кезкелгенжанныңайыбын
іздеп, жария еткендер негізінде өздеріне қиындық тудырады. Қателікке
бой алдырып, көп сүрінеді. Өз айыбын көре білген жан нендей бақытты!
Біреу өзгенің айыбын көрсе, оны сатып алды. Өйткені адам баласының
жартысы, яғни нәпсісі мен материалдық жағы, айып пен кемшілік әлемі
бұл дүниеде. Екінші жартысы яғни, рухани және ішкі жан дүниесі ғайып
әлемінде. Ақиқатында сенде нәпсінің теріс, жағымсыз тұстары және
хайуанның мінезі тәрізді рухани ауру түрлері бар.
Олай болса, өз дертіңнің дауасын тап. Өз кемішілігін көру, өзін ай-
ыптай білу әлгі дерттің шипалы дауасы. (Өйткені өз кемшілігін білу
кәмілдіктің асқар шыңы) Бір мұсылманның бойында сен көрген айып
пен кемшілік сенің бойыңда жоқ болса да өз-өзіңе сеніп алданба! Ондай
айып істі сенің де іске асыруың әбден мүмкін.
***
Суфиян ибн Хұсайын былай деп әңгімелейді:
«Бір күні Иястың жанында отырып біреуді жамандадым. Ол маған
қарап:
– Биыл римдіктерге қарсы жиһадқа қатыстың ба? - деп сауал қойды.
Мен:
– Жоқ! Барған жоқпын, - деп жауап бердім. Ол:
– Римдіктер мен кәпірлер сенен құтылды. Ал мұсылман бауырың
сенің жамандығыңнан құтыла алмапты, - деді.
***
Сағди Ширази былай деп әңгімелейді:
«Балалық шағымда зүһдке (дүниеден арылып оңаша қалу), риязатқа
және түнде құлшылық етуге құмар едім. Бір күні әкемнің жанын-
да отырған болатынмын. Түні бойы көз ілмей шықтым. Құран Кәрім
қолымнан түспеді. Маңайымызда бірнеше кісі ұйықтап жатқан еді.
Әкеме қарап: «Мыналардың ешқайсысы ұйқысын қиып, екі рәкағат
намаз оқымайды. Өліктерге ұқсап ұйықтап жатқандығын қарашы!» -
дедім.
Әкем қабағын түйіп: «Балам Сағди! Өзгелерді ғайбаттағанша,
олар секілді ұйықтағаның артық еді. (Өйткені сенің қор көргендерің
дәл қазір Аллаһтың мейірімінен мақұрым болса да, иықтарындағы
періштелері теріс нәрсе жазып жатқан жоқ. Ал сенің амал дәптеріңде дін
бауырларыңды қор көру және ғайбаттау күнәсі жазылды)», - деді».
***
Өзгені ғайбаттауға дағдыланған бір кісі, тіпті сол маңайда тұратын
әулиені ғайбаттауға кіріседі. Оны осы жағымсыз қасиетінің кесірінен