(
438
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Өйткені өсімде кісінің малына нақақтан-нақақ қол сұғу бар. Ал
ғайбаттауға келетін болсақ, кісінің ары мен абыройына дақ салу бар. Әрі
кісілігіне нұқсан келтіреді.
Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) ғайбаттау мен өсек
арқылы қол жеткізген дүние-мүліктің жақсылық әкелмейтіндігін былай
деп тілге тиек етеді:
«Кімде-кім мұсылманды (ғайбаттаумен арына дақ салу) арқылы бір
үзім нан жесе де, Аллаһ оған міндетті түрде дәл сондайын тамұқтан
таттырады. Ал кімде-кім мұсылманға (жала жабу, ғайбаттау секілді)
істеген ісіне сый ретінде бір киім кисе, Аллаһ оған міндетті түрде дәл
сондайын тамұқтан кигізеді»
(Әбу Дәуіт, Әдеп 35/4881)
.
Ғайбаттаумен шұғылданған жан күнәнің батпағына белшесінен бату-
мен шектеліп қалмай, өзінің айып пен кемшілігін көруден, оны түзеуден
мақұрымқалады.Осылайшаүлкензалалғадушарболады.Қияметкүнінде
адамдар өздерінің өте мұқтаж болғандықтарына қарамастан сауаптарын
ғайбат еткен, өсегін айтқан адамдарға беруге мәжбүр болады. Ал егер
сауабы болмай жатса, оның күнәсінің жазасын тартады.
254
Сол себепті
даңқы жер жарған ғұлама Хасан Басри: «Егер біреуді ғайбаттағың келіп
тұрса, әке-шешеңді ғайбатта! Ең болмаса, ақыретте сауабыңды соларға
бересің! Яки олардың күнәсін өз мойныңа аласың!» - деген екен.
Мүмин ешкімді ғайбаттамаумен қатар, өзі жайлы айтылған жағымсыз
сөздерге сабырлық танытып, кешіре білсе игі іс іске асырғанмен тең
болады.
255
Өйткені кәмілдіктің нышаны өсек пен жалаға сабырлық
көрсетуде байқалады. Бұл жайында үш баспалдақ бар.
Әуелгі баспалдақ өсек пен жалаға сабырлық таныту
Екінші баспалдақ, өсек пен жалаға жауап қайырмай, күнәның ғайбат
еткен жанға ауғанына сүйіну. Алайда бұл жайт кемшілік саналады.
Үшінші баспалдақ, сауап, Аллаһтың рақымдылығы секілді нәрселерге
қол жеткізуге сүйсініп, ғайбаттаушы мен жала жапқанның ақыреттегі
халін ойлап қайғыру.
Сонымен қатар ғайбаттаудың күнә болып есептелмейтін жерлері
бар.
Олар:
1. Зұлымдыққа ұшыраған жанның залымнан ақысын алу үшін
қолында билігі бар патша, әкім секілді тұлғаларға барып, «Пәленше
маған осындай-осындай зұлымдық жасады» деп шағымдануы.
254. Бұхари, Мазалим 10, Риқақ 48; Мүслим, Бирр 59; Тирмизи, Қиямет 2; Ахмед II, 303, 324,
372.
255. Әбу Дәуіт, Әдеп, 36, 4887.