Previous Page  441 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 441 / 462 Next Page
Page Background

(

441

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

бойының қысқа болуы, кемшілік ретінде соған жетіп артылады», - деп

қалдым. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Әй, Айша! Сөйлеген сөзің теңізбен ара-

ласса, суын (құрамын) бұзатындай сөз айттың», - деді.

Бір күні бір кісінің әрекетін өзім салып түсіндірген едім.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Маған дүниенің бар асылын, біреу оған

ұнамайтын пішінде салып айтуға берсе де қабылдамас едім», - деді

(Әбу

Дәуіт, Әдеп 35/4875; Тирмизи, Қиямет 51)

.

***

Пайғамбарымыз(с.а.у.)соңғыретнауқастанғанындамүминдердіңана-

лары қасына жиналды. Олардың арасындағы Сафия анамыз (р.а.): «Уа,

Аллаһтың Елшісі! Басыңа келген мына қиыншылық саған келмей, маған

келуін қалар едім», - дейді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзге әйелдері қас

қабақтарымен ишарат етіп, мынау не деп тұр дегендей ымдасады. Аллаһ

Елшісі (с.а.у.) олардың не істеп тұрғандығын көрмесе де: «Ауыздарыңды

шайыңдар!» - деп әмір етеді. Олар аң-таң болып: «Неге шаялық?» - дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сафияны қас-қабақтарыңмен ымдағандарың

үшін. Уаллаһи, ол маған айтқан сөздерін шын көңілден айтты»,-дейді

(Ибн Хажар, әл-Исаба IV, 348)

.

***

Ғитбан ибн Мәлік (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) біздің үйге келді. Өзі имам болып, намаз

оқытты. Намаздан кейін жамағаттың бірі: «Мәлік ибн Дұхшұм қайда

екен?» - деп сұрады. Сол жерде отырғандардың бірі: «Ол, Аллаһты және

Оның Елшісін сүймейтін мұнафық қой!» - деді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Олай деме! Ол Аллаһтың разылығын тілеп «Лә иләһә илләллаһ» деп

жүр! Аллаһтың разылығынан үміттеніп, «Лә иләһә илләллаһ» деген

жанды, Аллаһ тозаққа харам қылды», - деді

(Бұхари, Салат 45, 46, Азан 4, 5, 153-

154; Мүслим, Иман 54-55)

. Аталмыш оқиғада Пайғамбарымыз (с.а.у.) кез кел-

ген мұсылманның өзге мұсылман жайлы теріс ойлауына тыйым салған.

Әрі ғайбаттың батпағына батудан сақтандырған.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Тәбүкте еді. Жанында отырған сахабаларынан:

«Қағып ибн Мәлік не қылды?» - деп сұрайды. Бәну Саламаның (ру аты)

кісісі: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Киіміне, оң-солына қарап кербезденгені

оны Мәдинадан шығармады», - деді.

Мұғаз ибн Жәбал (р.а.): «Қатты айттың!» - деп қарсы шықты.

Пайғамбарға (с.а.у.) қарап: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Біз ол жайлы тек

жақсы нәрселерді ғана білеміз ғой», - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) тіс жарып, ләм демеді

(Бұхари, Мағази 79; Мүслим,

Тәубе 53)

.