Previous Page  445 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 445 / 462 Next Page
Page Background

(

445

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ақиқатына жүгінсек, оның бұл дүниелік әрі ақыреттік өмірін ойран

ететін ауру түрі.

Қоғамдағы махаббат, құрмет, бауырмалдық сезімдері ғайбаттаудың

кесірінен жойылады. Сонымен қатар бірлік, жәрдем беру секілді ізгі

қасиеттердің түбіне жетеді. Қияметте тер төгіп қол жеткізген көптеген

сауаптыңбосқакетуіне себепкерболады.Оғанқосакүнәніңауыртпалығы

да бар. Осыған қарамастан өкінішке орай көптеген жан оның жетегінде

кетеді. Тіпті дағдыға айналдырады. Сол себепті мұндай мәселелер жай-

ында өте қырағы болуымыз қажет. Аллаһ Тағала баршамызды бұл улы

тілдің жамандығынан сақтасын! Әумин!

в) Тазалық және биязылық

Ислам, тазалық, биязылық, сыпайылық, қарапайымдылық діні болып

табылады. Хақ Тағала Құран Кәрімде:

«Аллаһ таза жандарды сүйеді»

,

- дей отырып мұсылмандарды һәм материалдық һәм рухани тұрғыдан

тазалыққа шақырады

(Бақара сүресі, 222-аят)

.

Ал адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса:

«Аллаһ таза

әрі тазалықты сүйеді»

, - дей отырып тазалықтың дінімізде алар орнын

айрықша атап өткен

(Тирмизи, Әдеп 41/2799)

.

Ислам діні адамзат баласына құрылысы тазалыққа, биязылыққа,

сыпайылыққа, қарапайымдылыққа негізделген ерекше жүйе сыйға

тартқан. Әрі дініміз тазалықтың имандылықтың бір бөлшегі екендігіне

тоқталған. Сонымен қатар хадис, фиқһ кітаптарымыздың да тазалыққа

қатысты тараулардан басталатыны да бекер емес. Тән немесе құлышылқ

жасайтын мекеннің таза болмауы кейбір құлышылықтарды өтеуге

кедергі болады.

Дінімізде әсіресе әжетхана әдептеріне ерекше мән берілген. Әсіресе

истибраға ерекше көңіл бөлуімізді талап еткен.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Қабір азабының көпшілігі нәжіс атаулыдан

аулақ болмаудан туады»

, - деп үмбетінің тазалыққа мұқияттылық таны-

туын насихат еткен

(Ибн Мәжә, Таһарат 26)

.

Ислам діні мұсылмандарға тәндерін, киімдерін, тұрған жерлерін,

өмір сүрген ортасын әрдайым таза ұстауды әмір етеді. Сондай-ақ,

ішкі жан дүниелерінің тазалығына да көңіл бөлулерін бұйырады. Сол

себепті дініміз, тазалықты барша құлшылықтың негізгі шарты ретінде

қарастырады. Яғни міндетті түрде жасалатын тазалықты, ислам діні

құлшылық ретінде қабыл алған. Осылайша әрбір мұсылман баласының

тазалыққа деген ыждағаттылығын арттырып, құлшылық ретінде

қалыптасуына мүмкіндік танытқан.