(
449
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
кетуі керек.
260
Әрі рұқсат сұрамастан мәжілістен үйге кетіп қалу да жөн
емес.
261
Иә, мұсылман баласы тіпті біреумен әзілдескен күннің өзінде
сыпайылық қағидасының шегінен шықпауы қажет. Арадағы
сүйіспеншілікті арттыра түседі деген желеумен оғаш, жағымсыз
әзілдердің қолданылуы, етене жақын араласқысы келген жанның
көңіліне кірбің ұялатуы әбден мүмкін. Сол себепті әрбір мұсылман
баласының ғұмыры сыпайылыққа негізделуі ләзім.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тазалыққа, сыпайылыққа жаны жақын бо-
латын. Бір жолы жолға түкірген адамды көреді. Дереу жүзі қызарып,
орнында тұрып қалады. Мұны аңғарған ардақты сахабалары түкірік
үстіне дереу құм төгеді. Сонан соң Пайғамбарымыз (с.а.у.) бара жатқан
бағытына қайта жөнеледі.
Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) үмбетіне киімнің
жақсысын киюді әмір етті. Сонымен қатар шаш пен сақалдың таралып,
ретке келтірілуін бұйыратын.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) киімнің тазалығымен қатар, оның реттілігіне
де үлкен мән беретін. Ол әрдайым шаш пен сақалын тарайтын. Тіпті
құлағының сырғалығына дейін өсірген шашын бағзы уақытта қынамен
бояп, зәйтүн майымен майлаушы еді
(Тирмизи, Шамайл 27-28)
.
Сондай-ақ Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) ұйықтардан алдын көзіне сүрме
тартқандығы да деректерде кездеседі.
262
Хош иісті иіссулар Пайғамб рымыз (с.а.у.) сүйетін үш нәрсенің бірі
болатын. Әнәс (р.а.) Аллаһ Елшісінің иіссу сақтайтын шишасының
болғандығын, әрі оны әрдайым қолданғандығын нақыл етеді
(Әбу Дәуіт,
Таражжул 2/4162)
.
Алайда Пайғамбарымыз киім кию, шаш пен сақалды ретке келтіріп
тарау секілді істерге көп уақыт бөлмейтін. Киімнің таза болуын,
қарапайымдылықтың шегінен шықпауын имандылықтан екендігін ай-
тып өткен.
263
Оның аталмыш істер үшін қолданған құралдары саусақпен
санарлық әрі қарапайым дүниелер еді. Олар: айна, тарақ, қайшы, мисуак,
260. Мүжәдала сүресі, 11-аят.
261. Нұр сүресі, 62-аят.
262. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларына Исмид тасынан өндірілген сүрмені қолдануларын
өсиет еткен. Ол көзді жарқыратып, кірпіктерге жақсы болатындығын айтқан (Тирмизи,
Либас 23/1757).
263. Әбу Дәуіт, Таражжүл 1.